ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Есіл» аула клубы және «Champion Gym» фитнес-орталығының жаттықтырушыларымен бірлесіп, Астана күніне орай 2019 жылғы 05 шілдеде балалар мен жасөспірімдер арасында мини-футболдан жарыс өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – жастарды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, денсаулық мәдениетіне тәрбиелеп дағдыландыру.
Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» аула клубы, Сауран көшесі, 12/1.
Өткізу күні мен уақыты: 2019 жылғы 05 шілде, сағат 11:00-де.
БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді тіркеу 2019 жылғы 04 шілде, сағат 18:30-ға дейін жүргізіледі.
Қатысу туралы ақпаратты press.ncoz.mz@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет, тел.: 954151, ұялы тел. 87017020346, 87781376357.