2019 жылғы 24 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғыстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия елдері Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, қаржы, білім беру министрліктерінің қатысуымен Орталық Азия мен Кавказ елдерінде балалар мен жасөспірімдердің тамақтануын жақсарту жөніндегі симпозиум өз жұмысын бастайды.
Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық офисі, БҰҰ агенттіктерінің (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы – WFP, Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы – ФАО) қолдауымен.
Іс-шара барысында қатысушылар балаларға арналған тұрақты тамақтану жүйесін қамтамасыз ету және оны басқаруды жақсарту үшін өзара іс-шараларды талқылап, оларды бекітетін болады.
Симпозиум 2018 жылғы шілдеде 8 қатысушы елдің міндеттемесі негізінде іске асырылған Аймақтық тамақтанудың мүмкіндіктерін дамыту және Әріптестік платформасының іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырылуда.
Қазақстан екі жыл бойы Хатшылықтың төрағалық қызметін атқарады.
25 және 26 сәуірде Симпозиумның жұмысы жалғасады.
Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа даңғылы 4, Рэдиссон қонақ-үйі.
Өткізу күні мен уақыты: 2019 жылғы 24 сәуір, сағат 08.30.
БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді тіркеу 23 сәуір, сағат 14.00-ден бастап 18.30-ге дейін жүргізіледі.
Қатысу туралы ақпаратты: press.ncoz.mz@gmail.com электрондық мекенжайына жіберу қажет, тел.: 954151