2019 жылғы 17 ақпанда сағ. 11.00-де Астанада алғаш рет доктор Бубновский орталығы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесіп, қала тұрғындары, медицина ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың невропатолог, реабилитолог, терапевт дәрігерлерін “Омыртқа және буын туралы” семинарға шақырады.
Кинезитерапия – емдік дене шынықтыру жөніндегі жетекші маман Михаил Бубновский организмнің өз күштерін дәрі – дәрмексіз, инъекциясыз және операциясыз пайдалануға негізделген емдеу жүйесімен таныстырады.
ТМД елдері мен алыс шетелдерде өзін таныта білген әдістемені оның әкесі, атақты ресей хирургі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, организмді сауықтыру жөніндегі көптеген кітаптардың авторы Сергей Бубновский әзірлеген.
Өткізілетін орны: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 38, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық.
БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді тіркеу 15 ақпанда сағат 11.00-ден 18.30-ға дейін, 16 ақпанда сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі.
Қатысу туралы ақпаратты мына эл.поштаға жіберуге болады: press.ncoz.mz@gmail.com, тел.: 954151, ұялы тел. 87017020346, 87715005500.