МСАК бойынша Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған Жаһандық конференция аясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы 2018 жылғы 24 қазанда сағ. 12.00-ден 14.00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы, Түркістан көшесі, №24 және 26 көшелері периметрі бойынша орналасқан Астана қаласының Ботаникалық бағында «Сөзден іске/WalktheTalk/От слов к делу» атты акция өткізеді.
Ұйымдастырушылар: ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласының Әкімдігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен.
Іс-шараны өткізудің мақсаты: дене белсенділігін арттыру, қимыл белсенділігіне бейімділікті қалыптастыру, елімізде қоғамдық денсаулықты сақтау үшін барлық мүдделі тараптардың күштерін біріктіру, денсаулықты нығайту мақсатында «Денсаулық – барлық адамдарға/ Health for all» аясында Ғаламдық қозғалысты қолдау.
Акцияға ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Гебрейесус, ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Афшан Хан, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, сондай-ақ еліміздің ең алғашқы Денсаулық елшілері: грек-рим күресі бойынша олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, Гиннес рекордтар кітабына рекорды 7 рет енген, әлемдегі ең үлкен шөлдерді жүгіріп өткен жалғыз адам Марат Жыланбаев және «Спарта-Астана» КТК тобының капитаны, РФ-да 2017 жылы өткен Жоғары лигасының жеңімпазы Данияр Жұмаділов.
Актёр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов және әнші, кәсіпқой боксшы. “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ибрагим Ескендір акция барысында ұйымдастырылатын концерттік бағдарламаға қатысады.
БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді аккредиттеу 23 қазанда 14.30-дан 18.30 – ға дейін, 24 қазанда 09.00-ден 10.00-ге дейін жүргізіледі. Қатысу туралы ақпаратты press.ncoz.mz@gmail.com электронды почтасына, 954151 жұм. телефонына, 87017020346, 87715005500 ұялы телефондарына жіберуге болады.