ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы астаналықтар мен қала қонақтарын 2018 жылғы 24 қазанда сағ. 16.00-ден 18.00-ге дейін Сарайшык және Амман көшелерінің қиылысында «AstanaMusicHall» кешеңінің жанында орналасқан Астана Триатлон паркінде өтетін WalktheTalk/От слов к делу — шагай смело: Здоровье для всех! атты акцияға шақырады.
Ұйымдастырушылар: ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен.
Іс-шараны өткізудің мақсаты – халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту үшін дене белсенділігін арттыру, күнделікті қимыл белсенділікке бейімділікті қалыптастыру, елімізде қоғамдық денсаулықты сақтау үшін барлық мүдделі тараптардың күштерін біріктіру, денсаулықты нығайту мақсатында «Денсаулық – барлық адамдарға/ Health for all» аясында Ғаламдық қозғалысты қолдау.