Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.
Акцияның қатысушылары: қалалық маслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, медициналық қоғамдастық, спортшылар, үкіметтік емес ұйымдар жіне белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдар.
Акция аясында онколог, кардиолог, фтизиатр, рентген-лаборант, эндокринолог, педиатр, салауатты өмір салты мамандарын тартумен мобильді медициналық бригадалар жұмыс істейді. Бейінді мамандар тұрғындарға консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді.
Құрметті қонақтар қатарында қазақстандықтардың арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға үлес қосқан ардагерлер, атақты спортшылар, әртістер, мысалы: Арманжан Рузахунов, ҚР-да бірінші бразилиялық джиу-джитсу бойынша бірінші қара белбеу, бразилиялық джиу-джитсу бойынша әлем чемпионы және т.б.
Сау әдеттер марафоны аясында дастарханнан тұз солонкасын алып тастау; тәулігіне 2 литр су ішу; күнделікті 10 000 қадам жүру сияқты ұсыныстар жасалады.
Әрбір ниет білдіруші марафонға қатысып, достарын, туған-туысқандарын, әріптестерін, таныстарын өзінің таңдауы бойынша фастфуд жемеуге, кола ішпеуге, тәтті тағамдардан бас тартуға, жеміс-жидектер таңдауға, 100 рет сергіту жаттығуларын жасауға және эстафетаны ары қарай «Ал Сіздің қолыңыздан келе ме» деп шақыруына болады.
Марафон бүкіл елімізде «Денсаулык жолы» аясында өтеді және ауруларды ерте диагностикалауға, қарапайым ережелерді сақтау жолымен денсаулықты сақтауға және өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Іс-шара бағдарламасында: флэшмоб, шатыр астында Денсаулық қалашығының жұмысы, шұғыл жәрдем дағдыларына үйрету және т.б.
БАҚ өкілдерін шақырамыз. Журналистерді аккредиттеу 10 шілдеде сағ. 14.30-дан 18.00-ге, 11 шілдеде сағ. 9.00-ден 13.00-ге дейін жүргізіледі. Қатысу туралы ақпаратты: press_ncozmz@mail.ru,
sulushash777@mail.ru,эл. пошталарына немесе 87017020346 ұялы телефон арқылы жіберуге болады.
Саябақтың мекенжайы: Бауыржан Момышұлы даңғылы, 31Б
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі: press_ncozmz@mail.ru, sulushash777@mail.ru, ұялы тел. 87017020346.