Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында 2018 жылғы 5 және 7 қыркүйек аралығында елордада жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарысы өтеді. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен командалар қатысады.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және «Астана» оқу-клиникалық орталығы.
Алғашқы жедел медициналық жәрдем бригадаларының жарысы 2016 жылыдың маусым айында Алматы қаласында ұйымдастырылған болатын. Жарыс соңғы жылдары қазақстандық мамандар қатысып жүрген Литвада он жылдан астам уақыт бойы дәстүрлі түрде өтетін Халықаралық жедел-жәрдем бригадаларының жарысы тәжірибесінің негізінде ұйымдастырылды. Жарысқа қатысқан Алматы және Астана қалаларының жедел медициналық жәрдем бригадалары өздерін лайықты көрсетіп, жүлделі 2-ші және 1-ші орындарға ие болып жүр.
Жарыс бағдарламасында: қатысушылардың белгілі станцияларды өтумен, мысалы анафилактикалық шок, нәрестені реанимациялау, политравма кезінде ситуациялық тапсырмаларды орындауы. «Оқиға» орнында манекендер және стандартталған пациенттер пайдаланылады.
Жарыс барысында шұғыл жағдайлар бойынша «Астана» оқу-клиникалық орталығының жетекші мамандарының, Ресей, Израиль, АҚШ өкілдерінің мастер-кластары жоспарлануда. Жедел медициналық жәрдем бригадалары төтенше жағдай, мысалы, көптеген зардап шегушілермен болған жол-көлік оқиғасы кезінде медициналық көмек көрсетуді үйренеді.
Білім, жылдамдық және іс-әрекеттердің келісілімділігін құрамында отандық және шетелдік сарапшылар бар құзіретті қазылар алқасы бағалайды. Жеңімпаздар «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетіне, «Астана» оқу-клиникалық орталығына және т.б. еліміздің үздік оқу орындарында оқуға сертификат алады.
Жедел медициналық жәрдем бригадаларының жарысын өткізу көпшіліктің қатысуымен өтетін шаралар барысында, шұғыл жағдайлар туындаған кезде барынша шынайы клиникалық жағдайды тудыра отырып, алғашқы көмек көрсетудің дағдыларын оқытуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, іс-шара аясында отандық өндірушілердің медициналық техникасының, дәрілік заттарының көрмесін ұйымдастыру жоспарлануда.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі: press_ncozmz@mail.ru, sulushash777@mail.ru, ұялы тел. 87017020346.