Астана қаласының кәсіподақтар орталығы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Астананың 20 жылдығына арналған волейболдан, мини-футболдан және теннистен қала кәсіподақтарының бірінші салааралық спорт фестивалін өткізеді.
Іс-шараның мақсаты: қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайту, халықтың физикалық белсенділік деңгейін арттыру, тұрғындарды салауатты өмір салтына бейімдеу, оларды көпшілік дене шынықтыру, сауықтыру және спорттық іс-шараларға қатысуға тарту, белсенді демалуды ұйымдастыру.
Спорт фестиваліне денсаулық сақтау, білім беру жүйесі қызметкерлерінің, құрылыс кешеңі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпкерлердің, теміржолшылардың және басқа да салалық кәсіподақтарының қалалық құрылымдары қатысады.
Өткізу күні: 2018 жылғы 8 және 9 маусым;
8 маусым күні сағ. 18.00-де – Фестивальдің ашылу рәсімі.
Өткізу орны: Астана қаласы, Кеңесары көшесі, 14 үй, Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион.
Фестиваль барысында Мемлекет Басшысының «Challenge Другой ты!» спорттық бастамасын қолдау мақсатында іс-шараның қатысушылары мен қонақтары үшін флешмоб және «Алаш», «Арт – Тумар» топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Бұл жоба және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайтуға, халықтың физикалық белсенділік деңгейін арттыруға бағытталған басқа да жоспарланған іс-шаралар Астана қаласына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты қалалары» бағдарламасына қосылуға мүмкіндік береді.
БАҚ өкілдерін шақырамыз. Журналистерді аккредиттеу 7 маусымда сағ. 11.00-ден 18.00-ге, 8 маусымда сағ. 9.00-ден 13.00-ге дейін жүргізіледі. Қатысу туралы ақпаратты: sulushash777@mail.ru, press_ncozmz@mail.ru эл. пошталарына немесе 87017020346 ұялы телефон арқылы жіберуге болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі: press_ncozmz@mail.ru, ұялы тел. 87017020346.