Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығында менингококк инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша онлайн-вебинар өткізілді

2026 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК менингококк инфекциясының алдын алу, диагностикалау және эпидемиологиялық қадағалау мәселелеріне арналған «Менингококк инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және эпидемиологиялық қадағалау: өзекті мәселелер мен профилактикалық іс-шаралар» тақырыбында онлайн-вебинар өткізді.

Іс-шара Өзбекстан Республикасында менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстанда профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту мақсатында ұйымдастырылды.

Вебинар барысында менингококк инфекциясы бойынша өзекті эпидемиологиялық жағдай, балалар мен ересектердегі инфекцияның клиникалық көріністері, ерте диагностикалау, шұғыл медициналық көмек көрсету, зертханалық растау және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Вебинар спикерлері:

  • Смағұл Манар Асыровна – ҚР ДСМ ҰҚДСО Басқарма төрағасының орынбасары;
  • Касабекова Лена Куралгазиевна – ҚР ДСМ ҰҚДСО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының эпидемиологиялық қызмет жөніндегі орынбасары;
  • Маметбакиева Венера Аркиновна – балалар инфекционисі, денсаулық сақтау магистрі, Америкалық педиатрия академиясының мүшесі;
  • Садыкова Сауле Сейсембаевна – дәрігер-инфекционист, медицина ғылымдарының докторы, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры;
  • Пренова Роза Темирбековна – бактериялық және паразиттік инфекциялар мен микробқа қарсы резистенттілікті (АМР) бақылау жөніндегі референс-зертхананың маманы.

Онлайн-вебинарға барлығы 294 маман қатысты. Олардың қатарында дәрігер-инфекционистер, эпидемиологтар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің аумақтық бөлімшелері мен Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының мамандары болды.

Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, қатысушылар менингококк инфекциясын уақтылы анықтау, диагностикалау және алдын алу бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Вебинарды өткізу медициналық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және менингококк инфекциясына эпидемиологиялық қадағалау жүйесін жетілдіруге бағытталған.