Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК эпидемиологтар қауымдастығының кездесуі аясында медицина қызметкерлерін онлайн-вебинарға қатысуға шақырады.

Тақырыбы: «Урологиядағы ұтымды антибактериалды терапия»

Спикер: Байменов Шыңғыс Булатұлы – ҚР ДСМ бас штаттан тыс урологы, м.ғ.к., «Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК урология бөлімінің меңгерушісі.

Кездесу барысында урологиялық практикада антибактериалды препараттарды ұтымды қолданудың өзекті мәселелері, несеп шығару жолдарының инфекцияларында эмпирикалық және мақсатты антибактериалды терапияны таңдаудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ урологиялық стационарларда медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу мәселелері қарастырылады. Антимикробтық резистенттілік мәселесіне, периоперациялық антибиотикпрофилактика қағидаттарына, сондай-ақ антибиотик стратегиясы қағидаттарының және санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын бақылаудың тиімді алгоритмдеріне ерекше назар аударылады.

Күні: 2026 жылғы 26 қараша
Уақыты:
11:00 (Астана уақыты бойынша)
Форматы:
онлайн, Zoom платформасы
Мақсатты аудитория:
Дәрігер-эпидемиологтар, урологтар, хирургтар, бас және аға мейірбикелер, инфекциялық бақылау қызметінің мамандары және басқа да медицина қызметкерлері.

Қосылу жолы
Кіру сілтемесі: https://zoom.us/j/97402092700?pwd=r3ecyI2QEe5Pib4AfOa9tC5S5CNvIG.1

Барша қызығушыларды шақырамыз!