Астанада «Микробқа қарсы резистенттілікпен күресу үшін микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалану: «Біртұтас денсаулық» тәсілі» атты халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады. Конференция медицина және ғылыми қоғамдастық өкілдерін, эпидемиология, микробиология, фармакология, ветеринария, ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және экология салаларының мамандарын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен жетекші сараптамалық орталықтардың өкілдерін біріктірді.
Конференция жоғары кәсіби деңгейде өтіп, антимикробтық резистенттіліктің алдын алу және оны тежеу бойынша білім, практикалық тәжірибе және заманауи тәсілдермен ашық пікір алмасуға арналған маңызды алаңға айналды. Екі күн бойы қатысушылар АМР саласындағы өзекті сын-қатерлерді белсенді талқылап, ұлттық және халықаралық тәжірибелерімен бөлісті, ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен практикалық шешімдерін ұсынды.
Микробқа қарсы препараттарды ұтымды қолдану, эпидемиологиялық және зертханалық қадағалауды жетілдіру, инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау, антимикробтық терапия, микроорганизмдердің төзімділігін мониторингілеу, сондай-ақ «Біртұтас денсаулық» тәсілі аясындағы сектораралық өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Конференция бағдарламасында «АМР саласындағы ғылыми әлеуетті дамыту: жас зерттеушілердің үлесі» атты секция ерекше орын алды. Аталған секция аясында ауызша және постерлік баяндамалар форматында 40-тан астам ғылыми жұмыстар ұсынылды.
Конференция қатысушылары антимикробтық резистенттілік, микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалану және инфекциялық бақылаудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулермен үлкен қызығушылықпен танысты. Ұсынылған ғылыми жұмыстар сарапшылар мен конференция қатысушылары тарапынан жоғары қызығушылық туғызып, мазмұнды пікірталасқа ұласты. Баяндамашылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, зерттеу нәтижелерін негіздеп, кәсіби кері байланыс алды. Бұл өз кезегінде жас мамандардың кәсіби дамуына, идеялар алмасуына және мазмұнды ғылыми диалог қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Біртұтас денсаулық — бірыңғай іс-қимыл. Бүгінгі ортақ білім, тәжірибе және бірлескен шешімдер ертеңгі орнықты денсаулық сақтау жүйесінің негізін қалыптастырады.



