Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК медицина қызметкерлерін эпидемиологтар қауымдастығының кездесуі аясында өтетін онлайн-вебинарға қатысуға шақырады.

Тақырыбы: «Босандыру мекемелеріндегі инфекциялық бақылау»

Спикер: Қаюпова Лаура Саясатқызы, «Акушер-гинекологтар ұлттық ассоциациясы» ҚБ төрағасы, ғылым жөніндегі кеңесші, Ғылыми кеңес төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, доцент, профессор, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер.

Кездесу барысында акушерлік стационарлардағы эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері, медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алудың заманауи тәсілдері, стандартты және кеңейтілген сақтық шараларын талдау, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын бақылаудың тиімді алгоритмдері қарастырылады.

Күні: 2026 жылғы 12 қараша
Уақыты: 11:00 (Астана уақыты бойынша)
Форматы: онлайн, Zoom платформасы
Мақсатты аудитория: эпидемиолог-дәрігерлер, акушер-гинекологтар, неонатологтар, бас және аға мейірбикелер, инфекциялық бақылау қызметтерінің мамандары және басқа да медицина қызметкерлері.

Қалай қосылуға болады
Кіру сілтемесі: https://zoom.us/j/91469085011?pwd=OWUHkVEPSZIxmubfBsbhBQzOsfWCF4.1
Конференция идентификаторы: 914 6908 5011
Қолжетімділік коды: 591835

Барлық қызығушылық танытқандарды шақырамыз!