Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Алматы қаласында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қою бойынша ведомствоаралық симуляциялық тренинг өтті

2026 жылғы 22-25 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Алматы қаласы мен Алматы облысының мамандарына арналған қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындық пен ден қою бойынша төрт күндік ведомствоаралық симуляциялық тренинг өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) АҚШ Колумбия университеті жанындағы ICAP-ұйымымен серіктестікте ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасындағы ДДҰ Елдік кеңсесінің және АҚШ Аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау орталықтарының (CDC) қатысуымен өтті.

Тренингтің негізгі мақсаты — ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, кадрлық әлеуетті арттыру және биологиялық және техногендік төтенше жағдайларға ден қоюда өңірлердің дайындығын жақсарту болды, бұл денсаулық сақтаудың орнықты жүйелерін дамытуға ықпал етеді.

Іс-шараға санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, Алматы қаласы мен Алматы облысының денсаулық сақтау басқармалары, ветеринариялық бақылау, жедел медициналық жәрдем қызметі, жетекші көпбейінді стационарлар, аумақтық төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және экология органдарының мамандары қатысты.

Тренинг барысында қатысушылар жедел ден қою топтарын қалыптастыру бойынша халықаралық ұсынымдармен және Оқиғаны басқару жүйесінің (IMS) қағидаттарымен танысты, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға байланысты тәуекелдерді бағалады, сондай-ақ «Бірыңғай денсаулық» тұжырымдамасы аясында «денсаулық сақтау — ветеринария — қоршаған орта» секторлары арасындағы іс-қимылды үйлестіру алгоритмдерін пысықтады.

Практикалық бөлімде ҚР ТЖМ Ұлттық орталығының базасында жер сілкінісі жағдайын модельдейтін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша далалық және қолбасшылық-штабтық жаттығулар өтті.

Ал, 24-25 қыркүйек аралығында ТЖ сценарийлерін модельдеумен кабинеттік жаттығулар (SimEx) өткізілді. Бағдарлама биологиялық қауіп-қатерлер туындаған кезде басқарушылық шешімдерді пысықтауды, имитациялық баспасөз брифингі форматында халықпен дағдарысты коммуникацияларды жүргізуді, сондай-ақ дағдарыс жағдайларында дезинформацияны мониторингілеу және оған қарсы іс-қимыл жасау әдістерін қамтыды.

Бастама «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Қазақстанда ұлттық және өңірлік деңгейде қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды басқару жүйелерін нығайту» жобасы аясында жүзеге асырылды.

Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар жүйелі дайындық, тұрақты ведомствоаралық жаттығулар мен симуляциялық оқу-жаттығулар халықтың өмірі мен денсаулығын жедел ден қою мен сенімді қорғаудың негізгі факторлары болып табылатынын атап өтті.