
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында АҚШ Мемлекеттік департаменті, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі және FHI 360 ұйымы жүзеге асырып жатқан EpiC Қазақстан жобасының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
EpiC Қазақстан жобасы денсаулық сақтау жүйесінің инфекциялық қауіп-қатерлерге дайындығын күшейтуге бағытталған. Кездесуде зертханалық жүйені нығайту, микробқа қарсы препараттарға төзімділікпен күрес, қауіп-қатер туралы коммуникацияны дамыту және халықты қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріне кеңінен тарту жайы талқыланды. Өңірлердегі жұмысты күшейтіп, олардың жобаға қатысу аясын кеңейтуге де ерекше назар аударылды.
Кездесуге АҚШ Мемлекеттік департаментінің Орталық Азиядағы қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі Мишель Морин Ланг-Алли, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің жобаларды басқару жөніндегі маманы Қайнар Қадыржанұлы және EpiC Қазақстан жобасының мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджері Данияр Оспанов қатысты.
Кездесу қорытындысында EpiC Қазақстан жобасы аясындағы алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.