

2026 жылғы 23–24 сәуір күндері Алматы қаласында өткен “Салауатты ұрпақ – Қазақстанның болашағы” IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының инфекциялық бақылау және антимикробтық төзімділікті үйлестіру бөлімінің басшысы Гаухар Агажаева белсенді қатысты.



«Қауіпсіз бастау: акушерлік және неонатологиядағы инфекциялық бақылау және мейіргерлік істегі инновациялар» мейіргерлік секциясы аясында акушерлік көмек көрсету кезінде инфекциялардың алдын алу және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған баяндамалар ұсынылды.


Медицина қызметкерлеріне арналған қол гигиенасы бойынша шеберлік сабағын өткізуге ерекше назар аударылды. Аталған шеберлік сабағы Дүниежүзілік қол гигиенасы күні қарсаңында ұйымдастырылды. Интерактивті форматта тәжірибедегі жиі кездесетін қателіктер, босандыру кезіндегі «маңызды сәттер» және медицина қызметкерлерінің міндеттемелерін арттырудың тиімді тәсілдері қарастырылды.
Ұлттық сарапшының қатысуы және практикалық бағыттағы шеберлік сабағын өткізу инфекциялық қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға, медициналық көмектің сапасын арттыруға және Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етеді.
