
2025 жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша кене шағуына байланысты медициналық көмекке 16 076 адам жүгінді, оның ішінде кене энцефалиті бойынша эндемиялық өңірлерде 12 941 адам тіркелді. Жүгінгендердің 40%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрады.
- Қазақстанда жыл сайын 24-тен 41-ге дейін кене энцефалит жағдайы тіркеледі. 2026 жылғы 19 наурызда жағдай бойынша кене энцефалиті тіркелмеді.
- Кене энцефалиті — негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, көбінесе ауыр өтетін және мүгедектікке және өлімге әкелетін жұқпалы, табиғи ошақтық ауру.
- Бұл аурулардың негізгі берілу жолы — трансмиссивті, яғни иксод кенелерінің шағуы арқылы жұғады, бірақ қоздырғыш ешкінің (сиырдың) шикі сүті арқылы, сондай-ақ ауру жұқтырған кенемен жанасқан кезде терідегі (шырышты) микрожарақат арқылы берілуі мүмкін.
- Республика аумағында кенелердің белсенділік танытатын кезеңі, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты, наурыздан маусымды қоса алғандағы кезеңге дейін, республиканың шығысы мен солтүстігінде тамызға дейін байқалады. Сырқаттанушылықты тіркеу, негізінен, мамыр-маусым айларына тура келеді, бұл таратушы санының өршуімен байланысты.
- Кене энцефалитінің өте тиімді алдын алу шарасы – бұл екпе жасату. Вакцина алғысы келгендер тұрғылықты жері бойынша емханаға қаралу керек. Сонымен қатар үкіметтік емес медициналық орталықтарда да екпе алуға болады.
- Жеке алдын алу шараларына мыналар жатады:
- Табиғат аясына шығар кезде ашық түсті киім кию, барлық киім ішіне салынып, теріге тығыз жабысып тұруы тиіс, міндетті түрде бас киім кию қажет;
- Шөпке отыруға және жатуға болмайды;
- Табиғат аясында және үйге келген соң киімдегі кенелерді анықтау үшін әр 15 минут сайын өз-өзіңізді және бір-біріңізді қарап-тексеру қажет, сонымен қатар үй жануарларын қарап-тексеру керек;
- Акарицидті және репеллентті құралдарды қолдану;
- Кене табылған және/немесе шаққан жағдайда кенеге қарсы иммуноглобулинмен шұғыл профилактикалық ем жүргізу үшін медициналық ұйымға қаралу керек;
- Қан сорған кененің ауру жұқтырғанын зертханада анықтау үшін оны тығыз жабық құтыда сақтау керек;
- Медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге қаралу мүмкін болмаған кезде арнайы құрылғыларды, жіпті және т.б. қолдана отырып, өз бетінше кенені алып тастау қажет. Кенені жалаң қолмен қозғап, алу үшін оған май тамызуға рұқсат етілмейді. Кене шаққан жерді дезинфекциялық ерітіндімен сүрту керек.
| Алматы қаласы бойынша КЭ зерттеу жүргізетін зертханалардың мекенжайы: СЭСжМҒПО филиалының зертханасы, Әуезов көшесі, 84ҰСО филиалының зертханасы, Жібек Жолы көшесі, 3 Алматы қ. бойынша серопрофилактика пункттерінің мекенжайы: №4 қалалық клиникалық ауруханасы (Папанин көш., 220) — қаладағы ересек адамдар үшін;№7 қалалық клиникалық ауруханасы (Қалқаман шағын ауд., Райымбек даңғ., 20) – қаладағы ересек адамдар үшін;Балалар шұғыл медициналық жәрдеморталығы (Манас көш., 40) – 14 жасқа дейінгі (қоса алғандағы) балалар үшін;Орталық қалалық клиникалық аурухана (Жандосов көшесі, 6) – ересектер үшін;Жедел жәрдем ауруханасы (Қазыбек би көшесі, 96) — ересек тұрғындарға арналған. Басқа қалалар мен облыстардағы серопрофилактика пункттерінің және зертханалардың мекенжайын тиісті облыстың Денсаулық сақтау басқармасынан нақтылауға болады. |