
(Қызылша)
Жыл басынан бері 4507 қызылша жағдайы тіркелді, оның 3766 — 14 жасқа дейінгі балалар, 147 – жасөспірімдер, 594 — ересектер. Науқастардың 77%-ы екпе алмаған.
Наурыз айының басынан бері қызылшаның 579 жағдайы тіркелді. Ауру жұқтырудың ең көп жағдайы Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында анықталды.
Өткен аптада 323 жағдай тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 1,3 есеге төмендеді.
Республика бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
(ЖРВИ және тұмау)
Ағымдағы жылдың өткен аптасында Қазақстанда 62 565 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 1,9 есе төмендеді.
Зертханалық зерттеулер нәтижесінде риновирус, бокавирус, парагрипп, РС-вирус, аденовирус, коронавирус, метапневмовирус айналымда екені расталды.
Тұмауға қатысты 21 772 үлгі зерттеліп, оның 3028-ы оң нәтиже көрсетті. Олардың ішінде: 3022 жағдай — АH3N2 (Гонконг тұмауы), 5 жағдай — A(H1N1) (шошқа тұмауы), 1 жағдай – В типі.
(Көкжөтел)
Жыл басынан бері 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің 37 жағдайы тіркелді, оның ішінде 31 жағдай вакцина алмаған балаларға тиесілі.
(COVID-19)
Жыл басынан бері 15 расталған КВИ (+) жағдайы тіркелді.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы инфекциялық аурулардың таралу маусымында профилактикалық шараларды сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Қызылша ауруы жағдайларының өсуіне байланысты ҚДСҰО азаматтарды екпе мәртебесін тексеріп, профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес уақтылы вакцинациядан өтуге шақырады.
Жұқтыру қаупін төмендету үшін жеке гигиена талаптарын сақтау, жабық және адам көп жиналатын орындарда маска тағу, сырқат белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, байланыстарды шектеу және медициналық көмекке жүгіну ұсынылады. Профилактика мәселелеріне балалардың ата-аналары мен қауіп тобына жататын адамдар ерекше назар аударуы қажет.