
(Қызылша)
Жыл басынан бері 3764 қызылша жағдайы тіркелді, оның 3178 — 14 жасқа дейінгі балалар, 129 – жасөспірімдер, 457 — ересектер. Науқастардың 77%-ы екпе алмаған.
Өткен аптада (ағымдағы жылдың 26 ақпанына дейін) 311 жағдай тіркелді, өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 1,3 есеге төмендеді.
Ең көп жағдайлар Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Басыт Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарында тіркелді.
Республика бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
(ЖРВИ және тұмау)
Ағымдағы жылдың өткен аптасында Қазақстанда 78 934 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 16% төмендеді.
Зертханалық зерттеулер нәтижесінде риновирус, бокавирус, парагрипп, РС-вирус, аденовирус, коронавирус, метапневмовирус айналымда екені расталды.
Тұмауға қатысты 21 371 үлгі зерттеліп, оның 3028-ы оң нәтиже көрсетті. Олардың ішінде: 3022 жағдай — АH3N2 (Гонконг тұмауы), 5 жағдай — A(H1N1) (шошқа тұмауы), 1 жағдай – В типі.
(Көкжөтел)
Жыл басынан бері 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің 31 жағдайы тіркелді, оның ішінде 26 жағдай вакцина алмаған балаларға тиесілі.
(COVID-19)
Жыл басынан бері 8 расталған КВИ (+) жағдайы тіркелді.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы инфекциялық аурулардың таралу маусымында профилактикалық шараларды сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Қызылша ауруы жағдайларының өсуіне байланысты ҚДСҰО азаматтарды екпе мәртебесін тексеріп, профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес уақтылы вакцинациядан өтуге шақырады.
Жұқтыру қаупін төмендету үшін жеке гигиена талаптарын сақтау, жабық және адам көп жиналатын орындарда маска тағу, сырқат белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, байланыстарды шектеу және медициналық көмекке жүгіну ұсынылады. Профилактика мәселелеріне балалардың ата-аналары мен қауіп тобына жататын адамдар ерекше назар аударуы қажет.