Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі қайта конкурсты (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.   

Конкурстың өткізілетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,                      Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Желтоқсан көшесі, 46.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: қоғамдық денсаулық сақтау әлеуетін нығайту, қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі жедел функцияларын жүзеге асыру және қоғамдық денсаулық сақтаудың жөніндегі қызметтерді қамтамасыз ету. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) денсаулық сақтау саласында немесе экономика/қаржы және (немесе)

бизнес және (немесе) құқық бейіні бойынша ұйымдарда кемінде 5  жыл жұмыс

тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау саласында немесе экономика/қаржы және (немесе)

бизнес және (немесе) құқық бейіні бойынша ұйымдарда кемінде 3  жыл жұмыс

тәжірибесінің болуы;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктеріндегі мүшелігі.

2. Мынадай:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адам байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайланбайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушының өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным туралы құжаттардың көшірмелері) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Құжаттарды қабылдау басталатын күн – мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күн.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.

Конкурстың өткізілу күні – конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.

Үміткердің конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде әңгімелесу өткізіледі.