
ЖРВИ және тұмау
Ағымдағы жылдың өткен аптасында Қазақстанда 110 365 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 2% өсті.
ЖРВИ-ге қатысты 10 478 үлгі зерттеліп, оның 1756 оң нәтиже көрсетті.
Зертханалық зерттеулер нәтижесінде риновирус, бокавирус, парагрипп, РС-вирус, аденовирус, коронавирус, метапневмовирус айналымда екені расталды.
Тұмауға қатысты 18 156 үлгі зерттеліп, оның 3011-ы оң нәтиже көрсетті. Олардың ішінде: 3006 жағдай — АH3N2 (Гонконг тұмауы), 5 жағдай — A(H1N1) (шошқа тұмауы).
Қызылша
Жыл басынан бері 1951 қызылша жағдайы тіркелді, оның 1667-і — 14 жасқа дейінгі балалар, 71 – жасөспірімдер, 213 — ересектер. Науқастардың 90%-ы екпе алмаған.
Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 5% өсті. 2025 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,7% өсті.
Ең көп жағдайлар Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды және Ақмола облыстарында тіркелді.
Көкжөтел
Жыл басынан бері 14 жасқа дейінгі 12 балада көкжөтел расталды. Олардың 10-ы екпе алмаған.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы азаматтарды қызылша және маусымдық жұқпалы аурулардың көбеюіне байланысты алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырады. Екпелерді уақытылы алып, жоспарлы вакцинацияны өткізіп алмау аса маңызды. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда бетперде тағу, жеке гигиена талаптарын сақтау, өзін жайсыз сезінген жағдайда үйде қалып, дәрігерге жүгіну қажет.