Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

14–17 қазан аралығында Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұйымдастырған эпидемиологиялық қадағалау деректерін алмасу мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтуде. Іс-шараның мақсаты — қауіп-қатерлерді бағалаудың тиімділігін арттыру және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы үйлестірілген саясатты әзірлеу.

Кеңес жұмысына денсаулық сақтау, ветеринария және экология салаларынан өкілдер қатысуда. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы @ncoz_kz Қазақстанның ведомстволық өзара іс-қимылды үйлестіру, эпидемиологиялық ақпарат алмасу және биологиялық қауіптерге ден қою тәжірибесін ұсынуда.
Талқылау барысында қатысушылар салалар арасындағы деректер алмасуды үйлестіру, қауіптерді ерте анықтау және бағалау үшін талдамалық құралдарды қолдану, сондай-ақ қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін оқиғаларға жедел ден қою тетіктерін қарастыруда.