Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

2025 жылы эндемиялық аумақтарда апта сайын иксод кенелері шаққан халықтың қаралу санының артқандығы байқалады. Кенелердің белсенділік маусымы басталғаннан бері зардап шеккен 6400-ден астам адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 40%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар.

Бүгінгі таңда республикада кене энцефалитінің 6 жағдайы тіркелді.

Кене энцефалиті — негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, көбінесе ауыр өтетін және мүгедектікке және өлімге әкелетін жұқпалы, табиғи ошақтық ауру.

Негізгі берілу жолы — трансмиссивті, яғни иксод кенелерінің шағуы арқылы жұғады, бірақ қоздырғыш ешкінің (сиырдың) шикі сүті арқылы, сондай-ақ ауру жұқтырған кенемен жанасқан кезде терідегі (шырышты) микрожарақат арқылы берілуі мүмкін.

Республика аумағында кенелердің белсенділік танытатын кезеңі, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты, наурыздан маусымды қоса алғандағы кезеңге дейін, республиканың шығысы мен солтүстігінде тамызға дейін байқалады. Сырқаттанушылықтың тіркелуі, негізінен, мамыр-маусым айларына тура келеді, бұл тасымалдаушы санының өршуімен байланысты.

Кене энцефалитінің өте тиімді алдын алу шарасы – бұл екпе жасату. Вакцина алғысы келгендер тұрғылықты жері бойынша емханаға қаралу керек. Сонымен қатар үкіметтік емес медициналық орталықтарда да екпе алуға болады.

Кене энцефалитінің алдын алу шараларына мыналар жатады:

Алматы қаласы бойынша КЭ (адамдардан алынған материал және кенелер) зерттеу жүргізетін зертханалардың мекенжайы:

Алматы қ. бойынша КЭ серопрофилактикасы пункттерінің мекенжайы:

Басқа облыстардағы серопрофилактика пункттерінің және зертханалардың мекенжайын тиісті облыстың Денсаулық сақтау басқармасынан нақтылауға болады.

Паразиттік аурулардың алдын алу бөлімі