Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Сыра – бұл ашытқының ерекше түрлері қосылған құлмақтан, арпа уытынан жасалған алкоголі аз сусын. Сыра ашыту, ашытқының әсерінен қантты алкоголь мен көмірқышқыл газына айналдыру арқылы жасалады. Тұтынушыға ұсынылатын сыраның барлығы сапалы бола бермейді. Сыраның сапасын сипаттайтын көрсеткіштер тек дәм, иіс, тағамдық құндылық қана емес, сонымен қатар тағамдық қауіпсіздік, яғни пайдаланған кезде адам денсаулығына қауіп төнбеуі болып табылады, оған өнімнің микробиологиялық тазалығы жатады.

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігі жыл сайын артып келеді, өйткені тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықтың денсаулығы мен саламаттылығын көрсететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Әр адам қауіпсіз тағам өнімдерін пайдалануға құқылы.

Тамақ өнімдерінің, оның ішінде сыраның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үнемі зертханалық зерттеулер жүргізу қажет.

Сыраның қауіпсіздігін микробиологиялық бақылауға жабдық пен үй-жайлардың санитарлық жағдайы (үй-жайларды күнделікті жинап-тазалау мен дезинфекциялау тиімділігін бақылау, өндірістік үй-жайлардың ауасы), су, шикізат (арпа, уыт, су, ашытқы), ыдыс, сондай-ақ дайын өнім.

Қазақстан Республикасының аумағында сыраның сапасы 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен реттеліп, мынадай микробиологиялық көрсеткіштер бақыланады:

Тамақ өнімдерінде ашытқы мен зеңнің болуы адам ағзасына улы заттардың түсуіне және жиналуына кері әсер етеді және зат алмасудың бұзылуын, аллергиялық реакцияларды, асқазан-ішек жолдары жұмысының бұзылуын тудырады. Осылайша, зең ерекше зат – афлатоксинді бөл алады, ол ең канцерогенді токсин болып табылады және қатерлі ісікке әкеледі.

Сыраның микробиологиялық көрсеткіштерінің КО ТР 021/2011 талаптарына сәйкес келмеуі өндірістегі санитарлық ережелер мен технологиялық процестердің, тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және сату мерзімдері мен температуралық режимдерінің бұзылғанын, өнімнің жарамдылық мерзімінің сақталмағанын көрсетеді.

Сапасыз сыраны ішу жүрек айнуын, құсуды, іштің ауыруын, диареяны, бастың ауруын, сусыздануды, дене температурасының көтерілуін, әлсіздікті тудыруы мүмкін. Симптомдар бірден байқалмауы да, сонымен қатар анық байқалуы да мүмкін және олар әдетте сезімтал тұтынушыларда кездеседі. Егер симптомдар пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек!

Тіпті сапалы сыраның өзін шамадан тыс пайдалану денсаулық үшін әртүрлі кері салдарға әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК «СЭСжМҒПО» филиалының бактериялық, паразиттік инфекцияларды және антибиотикке резистенттілікті бақылау референс-зертханасы сыраның қауіпсіздігіне микробиологиялық бақылау жүргізеді.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша npc@npc-ses.kz электронды мекенжайына хабарласуға болады.