Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ағымдағы жылдың 14 ақпанында облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерімен, сондай — ақ облыстар мен медициналық ұйымдардың штаттан тыс эпидемиологтарымен Қазақстан Республикасында микробқа қарсы тұрақтылықты эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі — МҚТ) және инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау (бұдан әрі-ИПИБ) мәселелерін талқылады.

МҚТ талқылау шеңберінде МҚТ күзеттік эпидемиологиялық қадағалауға қатысатын бактериологиялық зертханалардың қызметін бағалау нәтижелері, сапаны сырттай бағалау, күзеттік эпидемиологиялық қадағалау және персоналды оқыту мәселелері қаралды.

Сондай-ақ ДДҰ-ның ИПИБ құралы бойынша Медициналық ұйымдарды бағалау нәтижелері, медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияларды қадағалау, сондай-ақ медициналық ұйымдардың басшылары мен госпитальдық эпидемиологтар арасында ИПИБ саласындағы көшбасшылық мәселелері қозғалды.

Талқылау қорытындысы бойынша материалдық-техникалық базаны нығайтуға, ИПИБ бойынша озық тәжірибе мектептерін енгізуге, стационарларда антибиотиктерді тұтынуды сырттай бағалауды жүргізуге, медицина қызметкерлерін оқытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру туралы шешім қабылданды.