Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты, ол – дұрыс тамақтану.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты, ол – дұрыс тамақтану.
Шалқар радиосында жалпы біз қалай тамақтанып жүрміз, қандай сусындар ішкен дұрыс, тұзды әрі тәтті тағамдарды жеудің денсаулыққа зияны қандай, – деген сауалдар төңірегінде әңгіме болды.
Бағдарлама қонағы болған Астана медицина университеті, академик Е. Дәленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми зерттеу институтының жетекші ғылыми маманы, нутрициолог Жанна Нұрбергенқызы радиотыңдаушылар мен студия сауалына жауап берді.