Национальный центр общественного здравоохранения

5 мамыр – Дүниежүзілік қол гигиенасы күні

2024 жылы ДДҰ «ӨМІРДІ САҚТА: қолды тазала» науқанын жариялады: инфекциялардың алдын алу және бақылау, соның ішінде денсаулық сақтау мамандары арасында қол гигиенасы бойынша білімді тарату және әлеуетті арттыру.
ҚР ДСМ « Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы (бұдан әрі – филиал) 2024 жылғы 3 мамырда Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне орайластырылған «Дүниежүзілік қол гигиенасы күні» тақырыбында семинар ұйымдастырып, өткізді.
Семинардың мақсаты-бірқатар жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қол гигиенасы бойынша уақтылы білімнің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, медицина қызметкерлеріне кеңейтілген білім, дағдылар және мінез-құлық үлгілері арқылы медициналық көмек көрсету орындарында қол гигиенасын жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық және тиімді оқытуды енгізуді қамтамасыз ету үшін оқыту тәсілдерін жетілдіру.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ұйымдастырылған «Дүниежүзілік қол гигиенасы күні» тақырыбындағы семинарға эпидемиологтар, инфекциялардың алдын алу және медициналық ұйымдардың инфекциялық бақылау жөніндегі жауапты медицина қызметкерлері және Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты. Семинарға Алматы қаласының 60-тан астам медицина қызметкері қатысты.