Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Жыл сайын 12 мамырда Халықаралық медбикелер күні (International Nurses Day) атап өтіледі.

Бұл күні ақ халатты абзал жанды медбикелерге құрмет көрсетіліп, олардың еселі еңбектеріне алғыс білдіреді.Медбикелер — медицина қызметкерлерінің ең көп санаты. Олар науқасқа күтім жасайды, дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді, операция кезінде көмектеседі, құжаттаманы жүргізеді және т. б.

Халықаралық медбикелер күні — медбикелерге олардың жұмысы үшін алғыс білдірудің тағы бір себебі. Сіздерге мықты денсаулық, шыдамдылық тілейміз, сіздердің мейірімділігтеріңіз бен қамқорлықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын!