Наурыз мейрамы қарсаңында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қызметкерлерін белсенді жемісті жұмысы үшін марапаттады.
Кәсіподақ мүшелері құрмет грамоталарымен марапатталды:
Асқаров Альберт Мұхтарұлы — Қоғамдық денсаулық сақтаудағы ТЖ жедел орталығының директоры
Қожа Диас Бейбітұлы — Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бас маманы
Жазитов Қайрат Самратұлы — Стратегиялық жоспарлау, талдау және бағалау бөлімінің бас маманы
Аблахимова Алтын Айтпайқызы — Экономика және қаржы департаменті Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы
ҚДСҰО ұжымы келе жатқан «Наурыз мейрамымен» бәріңізді құттықтайды! Бұл мереке Сіздердің отбасыларыңызға мейірімділік, молшылық пен байлық әкелсін!
