Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Салауатты қалалар — қалалық ортадағы жаһандық денсаулық қозғалысы

«Салауатты қалалар» (Healthy Cities) бағдарламасы — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ең танымал және табысты бағыттарының бірі. Ол 1986 жылы ДДҰ-ның Еуропалық аймағында іске қосылған. Бұл бастама 1986 жылғы Оттава декларациясына негізделген және «Баршаға арналған денсаулық» стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған.

Салауатты қала — бұл тек ауру деңгейі төмен қала емес. Бұл — өз тұрғындарының денсаулық, әл-ауқат және өмір сапасын барынша арттыруға мүмкіндік беретін физикалық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени ортаны үнемі және мақсатты түрде құрып, жақсартатын қала (немесе аймақ).

ДДҰ тәсілі бойынша салауатты  қаланың негізгі сипаттамалары:

  • Денсаулық, теңдік және тұрақты дамуды барлық қалалық саясаттардың, стратегиялар мен шешімдердің орталығына қояды;
  • халықты, бизнесті, ҮЕҰ, білім беруді, көлікті, экологияны, тұрғын үй саласын және басқа да секторларды (сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл) белсенді тартады;
  • қала / аймақ басшылығының саяси міндеттемесін қамтамасыз етеді;
  • Денсаулық теңсіздігінің төмендеуіне ықпал етеді (health inequities);
  • салауатты өмір салтына, қауіпсіз ортаға, физикалық белсенділікке, дұрыс тамақтануға, психикалық әл-ауқатқа жағдай жасайды;
  • қоғамдастықтың қатысу, серіктестік және инновация қағидаттарында жұмыс істейді.

40 жылға жуық уақыт ішінде бағдарлама бүкіл әлемге таралды, ДДҰ-ның Еуропалық желісіне Ұлттық желілер арқылы жүздеген қалалар мен 1400-ден астам муниципалитеттер қатысады. Ұлттық желілер қолдау, тәжірибе алмасу, әлеуетті арттыру және жаһандық идеяларды жергілікті жағдайларға бейімдеу платформалары ретінде әрекет етеді.

Қазақстан Республикасында бұл идея Денсаулық сақтау министрлігі мен  Қоғамдық денсаулық сақтау  ұлттық орталығы бастамашы болған «Денсаулық үшін Салауатты қалалар мен аймақтар» ұлттық желісі жобасы арқылы іске асырылады. Жоба қоғамдық денсаулық саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына (2016-2019 және одан кейінгі), ДДҰ-ның «Денсаулық-2020» саясатына, сондай-ақ БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарына (әсіресе ТДМ 3, 10, 11) толық сәйкес келеді. Шымкент қаласы осы желіге кіру үдерісіне бастамашы болды.

Қазақстандағы ұлттық желі тек қалалар мен өңірлерді ғана емес, сонымен қатар арнайы кіші жобаларды да қамтиды:

  • Денсаулықты нығайтатын мектептер;
  • Салауатты университеттер;
  • Салауатты жұмыс орындары.

Қозғалысқа қатысу жергілікті биліктің саяси міндеттемесін, аумақтың денсаулық профилін әзірлеуді, денсаулық үшін кешенді іс-қимыл жоспарын құруды, стейкхолдерлерді кеңінен тартуды және нәтижелерді үнемі бақылауды талап етеді.

Осылайша, «Салауатты қалалар мен аймақтар» концепциясы бір реттік акция емес, ұзақ мерзімді институционалдық өзгерістер процесі, оның мақсаты — денсаулықты қалалық және аймақтық күн тәртібінің негізгі басымдығына айналдыру, ал Қазақстанның әрбір тұрғыны жасына, жынысына, табысына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан, денсаулықты қолдайтын ортада өмір сүруіне мүмкіндік алу.

ТАНЫСУҒА ЖӘНЕ ЖҮКТЕУГЕ АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР: