Екпе салдырмаған балаға және оның айналасына қандай қауіп төнеді?
Белгілі бір ауруға қарсы екпе салдырмаған жағдайда баланың ауырып қалу қаупі бар, өйткені иммунитет профилактикалық екпе алғаннан кейін қалыптасады.
Кейбіреулер ауырып жазылған дұрыс деп санайды, бірақ қаншалықты ауыр болуы мүмкін екенін түсінбейді, кейде алдын алуға болатын ауру мен өлімге де әкелуі мүмкін.
Жұқпалы аурулардан жанама қорғаныш болып табылатын және екпе жасау нәтижесінде немесе бұрын болған инфекция нәтижесінде халықта иммунитеттің дамуына байланысты пайда болатын ұжымдық иммунитет туралы ұмытуға болмайды.
Екпе салдырған адамдар тиісті ауруды жұқтырудан және патогеннің одан әрі берілуінен қорғалған, бұл инфекцияның кез келген берілу тізбегін бұзады. Егер халық арасында екпе алмаған-инфекцияны жұқтыруға бейім адамдардың саны көп болса, онда тиісінше инфекцияның таралу қаупі көбірек болады, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша екпе жасатуға болмайтын халықтың осал топтары арасында да инфекцияның таралу қаупі жоғары болады.