Национальный центр общественного здравоохранения

Темекі қорабындағы қоңыр түс шылымқұмарлардың ынтасын төмендетеді

Шылым өнімдерін шектеуге қатысты шаралар талқыланды.

30 қазанда Денсаулық сақтау министрлігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, сондай-ақ жасөспірімдер мен студенттердің қатысуымен «Темекі және алкоголь өнімдерін тұтынуды шектеу» атты дөңгелек үстел өткізді.

Жиында темекі өнімдерін шектеуге қатысты шаралар талқыланды

«Темекісіз» ҚҚ-ның атқарушы директоры Жәмиля Садықова Кодекске енгізілген жаңа өзгерістер темекіге қарсы күрес бойынша ДДҰ-ның конвенциясына сәйкес келеді деп мәлімдеді.Оның дерегінше, темекі қорабындағы қоңыр түс шылымқұмарлардың ынтасын төмендететін көрінеді. Сонымен қатар Садықова алкогольге тәуелділік ми жасушаларының бұзылуына және созылмалы аурулардың дамуына әкеліп соғып, жүрек-қан тамыр жүйесіне кері әсер тигізетінін айтты.

Отырыс барысында қатысушылар темекіге және алкогольге қарсы саясаттың жаңа шараларын әзірлеу қажеттілігі туралы ұсыныстарын айтты.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша, Қазақстанда ер адамдардың 44%-ы темекі шегеді; 54%-ы ащы суға әуес. Темекі тұтынуды азайтуға бағытталған шаралар инвестициялардың жоғары қайтарымын қамтамасыз етеді. Темекіге салынатын салықты көтеру темекінің қолжетімділігі мен оны тұтынудың төмендеуіне әсер етеді. Елде, әсіресе орта жастағы тұрғындар арасында өлім-жітімді төмендетудің тиімді әдісі болып табылады.

Дереккөзі