Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет

Комплаенс-бақылау – компаниялардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне мүмкіндік беретін практика. Тиімді комплаенс жүйесінің болуы – іскерлік байланыс орнатудағы және елдік тәуекелдерді бағалаудағы маңызды өлшемшарт.
Комплаенс – бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге деген көзқарасты көрсетеді, ал оның басты мақсаты – ішкі және сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу. Бұл жүйе заңнама, стандарттар мен этикалық нормаларды сақтау арқылы компанияның, инвесторлардың, қызметкерлер мен клиенттердің мүдделерін қорғайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның маңызды бөлігі – корпоративтік секторда жалға беру және сатып алу кезіндегі ашықтық. Әсіресе жыл сайын жүздеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелетін квазимемлекеттік компанияларға ерекше назар аударылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алдын алу шараларын күшейтіп, жаңа реформалар пакетін дайындады. Сол бастамалардың бірі – компания ішіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, алдын алуға жауапты маман – комплаенс-офицерлер институтын енгізу болды.
Агенттіктің бастамасымен Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңнамалық түзетулер қабылданды. Қазіргі саясат сыбайлас жемқорлықпен күресте негізгі серіктес ретінде жауапты бизнесті қоса алғанда, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауға және алдын алуға басымдық береді.

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК 2025 жылы 28 сәуірден сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастайды. Бұл жұмыс "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл…

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы ақпараттық-танымдық дәріс

Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының базасында ZOOM платформасы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы онлайн-дәріс өткізілді. Тақырыбы: "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу. Қазақстан…