НЦОЗ отметил вклад журналистов в освещение темы вакцинации против ВПЧ
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық ұлттық сақтау орталығы БАҚ өкілдері арасында өткізілген байқау қорытындысын шығарды, оның мақсаты Қазақстанда АПВ-ға қарсы екпе жасаудың маңызы мен жатыр мойны обыры мәселелерін жариялау болды.
Іс-шараға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Азимбаева, ҚР ДСМ ҚДСҰО жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Қанат Текебаев, ҚР ДСМ баспасөз қызметінің өкілдері Зәуреш Балкенова, Гаухар Бисарина қатысты.
Іс-шарада журналистерге АПВ-ға қарсы иммундау тақырыбында үздік мақала жариялап, жақсы сюжет құрғаны үшін алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
СЭБК өкілі Нұршай Азимбаева иммундау бағдарламасының тиімділігі туралы айтты және тұрғындарға екпе жасаудың пайдасы мен басқа да маңызды медициналық тақырыптар туралы хабардар ету ісінде қолдау көрсетіп, кәсіпқойлығын танытқаны үшін журналистерге алғыс білдірді.
Одан әрі іс-шараға шақырылған республикалық БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.