Орталық бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру шеңберінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің бірлесіп орындаушысы ретінде 2017-2019 жылдарға арналған “балалар денсаулығын сақтау және нығайту үшін мектеп ортасын оңтайландыру бойынша ғылыми-негізделген ұсынымдарды әзірлеу” ғылыми-техникалық бағдарламасы іске асырылуда. Осы жоба бойынша ғылыми-зерттеу қызметі орталықтың HBSC – (Health Behaviour in School-Aged Children) зерттеушілердің халықаралық желісіне біріктірілген, оқушылардың өз денсаулығына қатысты мінез-құлқын мультиорталықты зерттеулерге қатысуына негізделген.
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мақұлдаған журналдарда мақалалар, 2018 жылы “Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебі” қазақстандық медицина университетінде оқу процесіне енгізілген “оқушылардың денсаулығы мен өмір сапасына байланысты мінез-құлқына ұлттық мониторинг жүргізу әдістемесі” әдістемелік ұсынымдар жарияланды. Сонымен қатар ҒТП бойынша аралық нәтижелер “Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы” ЖШС қызметіне енгізілді.