Эрик Әбенұлы Байжүнісов

Басқарма Төрағасы

Эрик Әбенұлы Байжүнісов 1965 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Алматы облысында дүниеге келген. 1988 жылы Алматының мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тамамдаған, 1997 жылы Миддлсекс университетінде (Ұлыбритания) денсаулық сақтау менеджменті курсын аяқтады, 2018 жылы Slovac Republic Danubius University-ын тамамдап, PhD докторы ғылыми дәрежесін алды, 2024 жылы Чехияның медициналық экономикалық институтын денсаулық сақтау менеджменті мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрі дәрежесімен аяқтады. Еңбек жолын 1986 жылы Алма-Ата облыстық клиникалық ауруханасының травмотология бөлімшесінің мейіргері болып бастаған. 1988-1998 жж. Қапшағай қалалық ауруханасындағы емханасы бойынша дәрігер-хирург, бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс атқарған. 1998-1999 жж. Еңбекшіқазақ ОАА бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. 1999-2002 жж. ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу орталығының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, статистика, талдау және ақпараттық жүйелер басқармасы бастығының орынбасары, ұйымдастыру, кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2002-2005 жж. – ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің кеңесшісі, бас сарапшысы. 2005-2008 жж. – Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, 2008-2010 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 2010 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды. 2014-2015 жж. – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры. 2015-2017 жж. – «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы. 2017-2018 жж. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-да түрлі қызметтерді атқарып, Басқарма төрағасының орынбасары дәрежесіне дейін көтерілді. 2020 жылы ҚР ТҚҚСБҚ «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры – Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. 2023-2025 жж. – ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының кеңесшісі. 2025 жылғы тамыз айынан бастап ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Құрмет» медалімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, II-дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің 30 жылдағы дамуы: нәтижелер, мәселелер, қорытындылар» монографиясының бірлескен авторы.