Смағұл Манар Асырқызы

Басқарма төрағасының орынбасары

Смағұл Манар Асырқызы 1975 жылы 20 қарашада Талдықорған облысында дүниеге келген.
1993 жылы Талдықорған қ. Талдықорған облысы Медицина училищесінің мейірбике ісі мамандығын үздік бітірді.
2004 ж. – Алматы қ. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік медицина университеті, дәрігер гигиенист, эпидемиолог.
2008-2010жж. — қолданбалы эпидемиология бойынша Орталық Азиядағы Американдық бақылау және алдын алу орталығының “Қолданбалы эпидемиология” курстары (FETP CDC/CAR)
2017 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қоғамдық денсаулық сақтау / денсаулық сақтау магистрі.

Еңбек қызметі:
1993 – 1998 жж. – Талдықорған облыстық ауруханасы, анестезист медбике.
2004 – 2005 жж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, жетекші маман, эпидемиолог дәрігер.
2005 – 2006 гг. – Алматы облысы бойынша МСЭҚД Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, бас маман-эпидемиолог дәрігер.
2006 – 2012 жж. – ҚР ДСМ Алматы облысы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаменті, бас маман – эпидемиолог дәрігер, Талдықорған қаласы.
2012 – 2014 жж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті, Астана қаласының бас сарапшысы.
2014 – 2020 жж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы, Инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу басқармасының басшысы.
2020 – 2023 жж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы, директордың орынбасары.
2023 ж., ақпан – ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының Сапаны талдау және менеджмент бөлімінің меңгерушісі.
2023 ж., мамыр – ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының м. а.

Мемлекеттік және басқа да марапаттар
2007 ж. – Алматы облысы МСЭҚД басшысының медицина қызметкері күніне арналған грамотасы.
2013 ж. – ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» .
2017 ж. – «25 лет независимости РК» ҰЭМ ТҚҚК төрағасының Құрмет грамотасы.
2021 ж. – ҚР Президентінің Жарлығы «Халық алғысы» төсбелгісі.
2021 ж. – ҚР ДСМ«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.