Назарова Салтанат Әбдіқадырқызы 1978 жылы 02 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін “Гигиена және эпидемиология” мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – “гигиенист-эпидемиолог дәрігер”.
Еңбек жолын 2001 жылы “Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” МКК денсаулықты нығайту бойынша дәрігер болып бастаған. 2005 жылы СӨС бөлімінің меңгерушісі лауазымына ауыстырылды.
2010 – 2015 жылдары “Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” МКК директорының орынбасары.
2015 жылдан бастап 2021 жылғы қаңтарға дейін “Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығы” КММ директорының орынбасары.
2021 жылғы ақпаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК-ның СӨС қалыптастыру бөлімінің басшысы.
2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы сәуірге дейін “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РРМК-ның Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы.
2023 жылғы 5 сәуірде “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК-ның басқарушы директоры болып тағайындалды.
Сонымен қатар, 2011-2012 жылдары Қазақ тамақтану академиясы өткізетін “Қазақстандағы артық салмақ пен семіздік эпидемиясының кешенді профилактикасы” ғылыми-зерттеу жобасы аясында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, 2012-2015 жылдары “Халық арасында салауатты тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру бойынша коммуникациялық шараларды енгізу” әлеуметтік жобасы аясында “Қызылорда облысы бойынша Дұрыс тамақтану ұлттық орталығы” ҚБ ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.