Ол вакцина кезінде тырысқақ, туберкулез сияқты індеттерді жеңуге көмектескенін атап өтті.
“Жүкті әйел вакцина алса, баласында коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет болады. Бірақ оның антиденесі қаншалықты болатыны әр ағзаға байланысты. Бала иммунитетпен дүниеге келеді деп айта аламыз”, – деді Светлана Сұлтанғазиева.
Ведомство өкілі әрбір дәрі-дермек нарыққа шығарда төрт зерттеу фазасынан өтетінін айтты. Олар: клиникаға дейінгі, еріктілерге, халықтың белгілі бір контингентіне, кейін пост тіркеу кезеңі.
“Бүгінде бар дәрі-дәрмек, вакциналарда 10 пайызға жуық жанама әсерлері бар. Осы вакцинаның да 10 пайызға дейін жанама әсерлері болады, бас ауруы, екпе салынған жердің қызаруы, дене қызуының көтерілуі. Бірақ оның бәрі 1-2 күнде тоқтайды”, – деді ол.
Светлана Сұлтанғазиева “Вакцина алған жүкті әйелдің баласы сау болып дүниеге келуіне кепілдік бар ма?” деген сұраққа жауап берді.
“Вакцина алғаннан кейін бала басқалай ауруға шалдығуы мүмкін емес. Бала туғаннан оларға қаншама вакцина салынады. Туберкулезге, қызылшаға қарсы. Енді коронавирусқа қарсы вакцина салса, ол бала ауруға шалдығуы мүмкін емес қой. Жанама әсері болуы мүмкін, бірақ ол өте сирек кездеседі. Пайдасы көбірек”, – деді маман.
Еске салайық, 10 қарашада Қазақстанға Pfizer вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді. Алматыға 379 мың доза келді. Қазақстан жалпы 4 миллион 230 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алды, олар 2 миллион 115 мың жүкті, бала емізетін және жасөспірімдерге арналған.