Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге қатысты сұрақ-жауап (МӘМС)

Нормативтік-құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының 2009 жылы 18 қыркүйектегі N 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы (№ 400, 2018 жылы 30 маусым)
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 15 желтоқсандағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» № 2136 Қаулысы.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылы 7 тамыздағы «Денсаулық сақтау субъектілерінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» № 591 бұйрығы.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылы 30 маусымдағы «Аударымдар мен (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін, аударымдар мен (немесе) жарна қарызын өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы» № 478 бұйрығы.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылы 1 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде тегін көрсетілетін қауіпті аурулар тізбесін бекіту туралы» № 194 бұйрығы.
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылы 29 наурыздағы «Денсаулық сақтау субъектілеріне қызмет ақысын төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 138 бұйрығы.
9. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы (2017 жылы 25 желтоқсандағы № 122-VI ҚРЗ).

Сұрақтар

Жауаптар

Сілтеме

1

Неліктен Қазақстанда тұратын әрбір азамат әлеуметтік медициналық сақтандыру ( МӘМС) жүйесіне қатысуы қажет?

МӘМС жүйесінің негізгі артықшылықтары:

Медициналық қызмет ке өз қалтамыздан аз ақша жұмсаймыз

Клиниканы және дәрігерді өзіміз таңдайм ыз

Көрсетілетін м едициналық көмек сақтандырушының табысы мен төлеген жарна сының мөлшеріне байланысты емес

Сақтандыру бағасы қымбат тұратын ота түрлерін , диагностика мен емде у құнын өтеп береді

Сақтандырылған азаматтардың жеке меншік клиникаларға жүгіну мүмкіндігі бар

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодек стің 88 бабы 1 тармағы 3 тармақшасы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 11 тармақ

2015 жы л ы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң, 4 бап, 3, 4 тармақ

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 11 тармақ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылы 7 тамыздағы « Денсаулық сақтау субъектілерінен т егін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңбері нде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» № 591 бұйрығы.

2

Қазақстанда медициналық көмектің қандай түрлерін тегін алуға болады?

Шұғыл және кезек күттірмейтін жағдай лар да көмек көрсету (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу)

Емхана деңгейіндегі көмек (отбасылық дәрігер мен сала маманының қабылдауы және консультациялары, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринигтер, 1 жасқа дейінгі балалар мен жүктілікті қадағалау)

Дәрігер жазып берген рецепт бойынша дәрі-дәрмек п ен қамтамасыз ету

Диагностика және емдеу

әлеуметтік мәні бар ауру ларды (туберкулез, АИТВ, психикалық күйзеліс, қатерлі ісік) , негізгі және созылмалы ауруларды (диабет, артери а лдық гипертензия, вирусты гепатит, ревматоидты артрит және т.б.) , қоршаған ортаға қауіп төндіретін қауіпті жұқпалы ауру ларды диагностикалау және емдеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 15 желтоқсанд а ғы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» № 2136 Қаулысы, 3 тармақ.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 34 бабы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 15 желтоқсанд а ғы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» № 2136 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 34 ба п

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 15 желтоқсанд а ғы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» № 2136 Қаулысы, 1 3 тармақ.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 34 бабы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 15 желтоқсанд а ғы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» № 2136 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 34 бабы

3

МӘМС пакетіне қандай қызмет түрлері кіреді?

Сақтандырылған азаматтар ға арналған МӘМС пакеті не мынадай қызметтер кіреді :

– Әрбір адамның ӨМІР СҮРУ САПАСЫН арттыратын медициналық көмек

– Қымбат тұратын зертханалық қызмет пен диагностика түрлері

– Амбулаторлық деңгейде кеңейтілген тізім бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

– Стационарды алмастыратын медициналық көмек

– Жоспарлы түрде ауруханаға жат ып емделу мүмкіндігі

– Қалпына келтіруге бағытталған ем-дом және медициналық оңалту

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 11 тармақ

4

Қазіргі таңда Медициналық сақтандыру қоры қандай медицина ұйымдарымен жұмыс істеп жатыр?

2018 жылы барлығы Қормен 1359 медицина ұйым ы халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету туралы келісім-шарт бекіткен. Оның 599-ы – жеке меншік .

https://fms.kz/ru/select-medical-inst

5

Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша медициналық көмек алу қай кезден бастап аламыз?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша көмек алу 2020 жылдың 01 қаңтарынан басталады. Ал бұл уақытқа дейін, 2018 және 2019 жылдары аралығында барлық Қазақстан тұрғындары үшін мемлекеттің тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі болады.

6

Іссапар да , демалыстағы жүрген (сақтандырылған) азаматтарға медициналық қызмет Қазақстан Республикасының кез-келген бөлігінде көрсетіле ме?

Әлде , олар көмекті тек тұрғылықты жері бойынша ала ма?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті шеңберіндегі қызметтер сақтандырылған азамат тарға Қазақстан республикасының кез-келген бөлігінде көрсетіле береді.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жылы 16 қарашада № 405-V ҚРЗ, 6 ба п

7

Жұмыс берушілер МӘМС төлемдері жайлы не біл гені жөн ?

Жұмыскерлер үшін жасалатын аударымдар:

1,5% – 2018-2019 жылдары,

2% – 2020-2021 жылдары .

Жұмыскерлердің жарнасы:

2020 жылы – еңбекақының 1%,

2021 жылы – 2%

Жұмыс беруші ай сайын қарамағындағы жұмыскерлер үшін жарна / аударым аударып отырады.

З аңды тұлғалар жарнаны/аударымдарды Мемлекеттік корпорация арқылы Қордың шотына аударады. Жарна есеп беретін әр айдың 25-інен кешіктірілмеуі тиіс.

Жұмыс беруші әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар санатына жататын жұмыскерлер үшін, сондай-ақ, әскерилер, арнайы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін жарна төлеуден босатылады.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» з аңы , 2015 жылы 16 қараша № 405-V ҚРЗ , 27 бабы

8

Азаматтың сақтандырылғанын қалай білуге болады?

Өзіңіздің Жеке сәйкестендіру номеріңізді ( ЖСН ) медициналық ұйымда, Қорда және Халыққа қызмет көрсету орталығында айтасыз, содан соң ол электрондық мәліметтер базасы бойынша сіздің сақтан дырылғаның ызды тексереді .

Егер сіз үшін ай сайын жарналар мен аударымдар түсіп тұрса , МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің барлық түрлерін алуға құқылысыз .

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ 17 бабы

«Қазақстан Р еспубликасының к ейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 маусымдағы № 400 қаулысы 11 тармақ

9

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған азаматтар республикадан тыс жерде тегін емделе ала ма?

Жоқ . Медициналық сақтандыру қоры тек Қазақстан республикасы аумағында көрсетілген медициналық қызметтер ақысын ғана өтейді.

Көрсетілмеген

10

Медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден кімдер босатылған?

Медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден 16 жеңілдетілген санаттарға жататын азаматтар босатылған, бұл 10 млн қазақстандықтар санын құрайды:

Балалар

Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар

Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер

Үш жасқа толмаған б ала (балалар) күтімімен үйде отырған жұмыссыз адамдар

Бала тууына байланысты, жаңа туылған нәрестені (нәрестелерді) асырап алу ын а байланысты, оларға үш жасқа толған ша күтім жасауға байланысты демалыста отырғ ан адамдар

Мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыссыз адамдар

Зейнет керлер (зейнетақы алушылар), сон ың ішінде Ұлы Отан с оғысын ың қатысушылары мен мүгедектер і

Сот үкімі бойынша қ ылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жаза с ын өтеп жатқандар (қауіпсіздік деңгейі төмен мекемелер д ен басқа)

Тергеу изолятор ында отырған дар

Жұмыссыз оралмандар

«Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталғандар, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар

Мүгедектер

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар

Әскери қызметшілер

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері

Арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 2 7 ба п

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 11 тармақ

11

Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік сақтандыруға төлемді кім жасайды?

2018-2019 жылдары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс беруші әр жұмыскері үшін 1,5 % төлем жасауда, ал 2020 жылдан бастап 2% . Қарамағында жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарына да қатысы бар.

12

Міндетті медициналық сақтандыру үшін ж еке кәсіпкерлер қ а нша төле у керек ?

ӨЗІ ҮШІН: 2018-2019 жылдары жарна төлемейді, 2020 жылдан бастап – 2 ЕТЖ-ның (ең төмен жалақы) 5 пайызы мөлшерінде

ЖҰМЫСКЕРЛЕР ҮШІН: қарамағында жұмыскерлері бар жеке кәсіпкер жұмыс беруші ретінде ай сайын аударым жасауды тоқтатпайды.

Жұмыс берушілердің аударымдары: 2018-2019 жылдары – 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%

Өзгерістер Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI ЗРК Заңымен бекітілген

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 2 7 -28 ба птар

13

Жұмыс берушілер МӘМС жарнасын қалай төлейді ?

Жұмыскерлер дің аударымдар ы :

1,5% – 2018-2019 жылдары,

2% – 2020-2021 жылдары

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 2 7 ба п

14

Ж ұмыскерлер жарнаны қалай төлейді ?

Ж ұмыскерлер жарнасы :

2020 жылы – жалақыдан 1%,

2021 жылдан бастап – 2%;

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 28 ба п

15

Азаматтық – құқықтық келісім-шарт негізінде еңбек ететін жеке тұлғалар жарнаны қалай төлейді ?

2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған.

2020 жылы келісімшарт бойынша тапқан табысының 1%, 2021 жылы – 2%.

Жарнаны қызмет ті алушы (салық агенті) ұстап қалады және аударады.

Өзгерістер Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI ЗРК Заңымен бекітілген

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 2 7 ба п

16

Жалдамалы жұмыскерлер МӘМС жарнасын қалай төлейді?

Жұмыс беруші аударымдарды өз қаражаты есебінен төлейді:

2018-2019 жылдары – 1,5%, 2021 жылы – 2% .

Жұмыскерлердің жарнасы 2020 жылдан бастап: 2020 жылы – еңбекақының 1%, 2021 жылы – 2% .

МАҢЫЗДЫ: жұмыс беруші сіздің атыңызға жасалған аударымдар туралы хабарлап отыруы тиіс .

Өзгерістер Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI ЗРК Заңымен бекітілген

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 2 7 ба п

17

Егер менің жұмысым және табысым болмаса әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатыса аламын ба ?

Ресми түрде жұмыс істемейтін және тұрақты табысы жоқ азаматтар үшін 1 ЕТЖ-ның ( ең төменгі жалақы ) 5 пайызын өз еркімен жарна төлеу арқылы сақтандыру алу мүмкіндігі бар.

18

Ж еңілдік берілген санаттарға жатпайтын азаматтар сақтандыру жарнасын қалай төлейді ?

Жеңілдетілген санат, кәсіпкер, жалдамалы жұмыскер және жұмыс берушілер қатарына жатпайтындар дың төлейтін жарнасы 1 ЕТЖ -ның (ең төмен жалақы) 5 пайызын құрайды .

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 5 ба п

2018 жыл ы – ең төменгі жалақы 28 284 те ң гені құрайды ;

19

Медициналық сақтандыру қорына жарна/аударым төлемегендерге айыппұл салына ма?

М ерзімі өткен әрбір күн үшін ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады (төлеу күнін қоса алғанда).

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 31 бап

20

Медициналық сақтандыру қорына жұмыскерлерден түскен аударымдардың сақталуына кім кепілдік береді?

Екі жыл бойы жинақталған сақтандырудағы қаражат толық және сақталған қалпында Ұлттық Банк шотында болады, ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап, сақтандырылған азаматтар үшін медициналық қызмет көрсетуге арналған төлемге жұмсалады.

21

Артық немесе қате төленген қаражатты қалай қайтаруға бол ады ?

Артық немесе қате төленген сақтандыру жарнасын/аударымдарын/өсімақыны қайтару тәртібі .

1. «Азаматтарға арналған ү кімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне хабарласу .

2. Растайтын құжаттарды тіркеп, қаражатты қайтару туралы өтініш жазу .

3. Мемлекеттік корпорация түскен түсімге қатысты ақпаратты 5 жұмыс күн і ішінде нақтылап, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жолда й ды.

4. Қор өтіні шті 7 жұмыс күн і ішінде қарайды .

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылы 30 маусымдағы «Аударымдар мен (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін , а ударымдар мен (немесе) жарна қарызын өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы» № 478 бұйрығы, 40 тармақ

22

Балалар неше жасқа дейін МӘМС жүйесіне жарна төлеуден босатылады?

18 жасқа дейінгі балалар, ЖОО студенттері және ТжКБ-ның күндізгі бөлімінде оқитын оқушылар оқу аяқталғанға дейін сақтандыру жарнасынан б осатылған.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 26 бап

23

МӘМС жүйесіне кеш енген азаматтар қандай қарыздарды өтеуі керек?

Талқыланып отырған заң жобасы бойынша , азаматтар сақтандырылушы құқығын алу үшін қорға төленбеген 12 айлық мерзімнің жарнасын төлеуге міндетті. Қарызы бар азаматтар жарна төлеу тоқтатылғаннан кейін 3 айға дейін МӘМС пакеті шеңберінде медициналық көмек алу құқығы н пайдалана алады .

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 5 ба п

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 11 тармақ

24

МӘМС жүйесі нде сақтандырылған азаматтарға санаторийлік-курорттық ем қарастырылған ба?

Жоқ, санатор лық -курорттық ем көзделмеген. Бірақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде, сақтандыру қаражаты есебінен бірқатар аурулар (инсульт, инфаркт, онкология, трансплантология) бойынша оңалту бағытындағы ем-дом шараларын көбейту жоспарланып отыр.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 11 тармақ

25

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен келісім шарт бекітпеген коммерциялық клиника дәрігер і жазып берген дәрі-дәрмек шығыны н М едициналық сақтандыру қоры өтеп бере ме ?

Өкінішке орай, бұл қарастырылмаған .

Көзделмеген

26

Басқа жұмысқа ауысқанда, жаңа жұмысқа ауысқанға дейін 1-2 ай жарна төленбей қалса , МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтер ді пайдалануға бола ма ?

Ұсынылып отырған нормалар бойынша , соңғы жарна төленген күннен бастап 3 ай ішінде МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу құқығы сақталады . Сонымен қатар, азамат өткен айлардың қарызын да төлеуге міндетті.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 5 ба п

27

Жеке меншік зертхана көмегіне жүгінген кезде Медициналық сақтандыру қоры шығы н ымды төлей ме?

Қор зертхананың қызметін ақысын тікелей төлемейді. Бірақ, егер Сіз зертханаға Қормен келісім-шарт бекіткен емхананың жолдамасы бойынша жүгінсеңіз зертхана қызметі тегін болады.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 7 ба п

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 11 тармақ

28

Азамат қай уақ ыттан бастап МӘМС жүйесінде сақтандырылған болып есептеледі : еңбек шартын жасаған кезден бастап па, әлде , жұмыс беруші бірінші салымды аударған кезден бастап па?

Медициналық сақтандыру қорына жарнаны аударған кезден бастап.

29

Тегін екпелер сақтандыру пакетіне кіре ме?

Профилактикалық мақсаттағы екпелер еліміздің барлық азаматтары үшін тегін жасалады. Ол мемлекет тарапынан кепіл дендірілген медициналық көмек ( ТМККК ) пакеті шеңберінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 15 желтоқсандағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» № 2136 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 34 тармақ

30

Ауруханаға жатып емделген жағдайда емделу ақысы қалай төленеді?

Сақтандырылған пациенттің стационарда жатып емделу ақысы Қор қаржысы есебінен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тарифтер мен көрсетілген медициналық көмектің сапасына қатысты сараптама негізінде төленеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылы 29 наурыздағы «Денсаулық сақтау субъектілеріне қызмет ақысын төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 138 бұйрығы

31

Стоматологиялық қызметтер міндетті медициналық сақтандыру пакетіне кіре ме?

Қазіргі кезде стоматологиялық қызметтер әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кірмейді.

Көзделмеген

32

Өзімен бірге сақтандыру полисін үнемі алып жүру керек пе, әлде жеке куәлік жеткілікті ме ?

ЖСН немесе жеке куәлік болуы шарт .

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ

33

Елімізде бірыңғай деректер базасы бар ма?

Ия бар. Олар: мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларының деректер базасы, сондай-ақ , Тіркелген тұрғындар регистрі . Жоғарыда ата лған деректер базаларын дағы мәліметтер негізінде МӘМС жүйесінде с ақтандырылған тұлғалар реестрі жасалады .

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 17 бап

34

Ерікті медициналық сақтандыру жүйесі сақтала ма? МӘМС немесе Е МС қызметтері бір-бірін қайталамай ма ?

Ерікті медициналық сақтандыру жойылмайды. МӘМС пакетіне кірмейтін жеке медициналық қызмет түрлері осы Е МС арқылы төленеді . Олардың қатарында: ересектерге көрсетілетін стоматологиялық қызметтер, зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтіндерді қарап-тексеру, санаторлық-курорттық ем және т.б. Жалпы, бұл әр адамның немесе кәсіпорынның қалауы мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты мәселе. Азаматтар немесе кәсіпорын (ұжымдық шарт негізінде) Е МС арқылы МӘМС пакетінде қайталанбайтын қызметтерді таңдай алады.

35

Жұ мыс беруші неліктен МӘМС жүйесіне қатысуы керек?

Сақтандыру медицинасы сіздің қарамағыңыздағы қызметкерлерге тапқан табысының көлеміне қарамастан медициналық көмектің барлық түрлерін алуға көмектеседі. Олардың қатарында жоспарлы стационарлық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоғары технологиялы медициналық қызметтер, оңалту қызметі, консультациялық-диагностикалық көмек, медбике күтімі мен паллиативті көмек те бар.

36

Өзім үшін м едициналық сақтандыру жарнасын қалай төле ймін ?

Төлемді кез келген екінші деңгейлі банк немесе «Қазпочта» бөлімшелері арқылы төлеуге болады. Жарнаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына аударасыз (басқа да әлеуметтік төлемдермен қатар). Жеке кәсіпкер үшін төлемнің мақсатты коды (ТБК) – 12 2 .

Содан кейін мемлекеттік корпорация төлемдерді Медициналық сақтандыру қорына төлемдерді бөледі. Кейде жарна аударған кезде: ЖСН немесе аты-жөнін қате көрсету, мөлшерлемені қате ұстау, есептеу базасының 15 ең төменгі айлық жалақыдан асып кетуі сынды қателер кетуі мүмкін . Сондықтан жарна аударғаннан кейін 2-3 жұмыс күн ішінде төлемд ерді тексеру қажет.

Өзгерістер Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI ЗРК Заңымен бекітілген

37

Егер ЖК қызметі ресми түрде тоқтатылған болса, оның иесі жарнаны қалай төлейді?

Егер ЖК өз қызметін тоқтатса, кәсіпкердің басқа табыс көзі болмаса, онда ол 20 20 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзге тұлға ( экономикалық белсенділігі төмен тұрғындар) ретінде ЕТЖ-ның 5% мөлшерінде жарна төлейді.

Егер бұрынғы немесе қызмет етіп тұрған кәсіпкер жеңілдігі бар санатқа жататын болса , онда 20 20 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол үшін жарнаны мемлекет төлей ді. Мұндай жағдайда жеке кәсіпкердің өзі жарна төлемейді.

38

Мен жұмыс беруші ретінде өз жұмыскерлеріме қызмет көрсететін медициналық ұйымды таңда й аламын ба?

Жоқ, таңдай алмайсыз. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әр адам қызмет көрсететін ұйымды өзі таңдайды.

Жұмыс беруші медицина ұйымын ерікті сақтандыру жүйесінде ғана таңдай алады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодек , 88 ба п, 1 тарма қ, 3 тармақша

« Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 11 тармақ

39

Менің жұмыскерлерім ерікті сақтандыру есебінен жеке медициналық компания ның қызметіне жүгінеді . Ендеше МӘМС жүйесіне жарна төлеудің қажеті неде?

Жұмыс беруші өз жұмысшыларына ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) туралы келісім шарт бекітеді. Ол жұмыс берушінің аударған сомасымен шектелген медициналық көмектің белгілі бір көлемін алуға мүмкіндік береді. Бірақ ЕМС шеңберінде одан артық сомаға медициналық көмек көрсетілмейді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сомасы шектелмейді.

Сонымен қатар, МӘМС пакетіне кірмейтін медициналық қызметтердің тізбесі ЕМС шартында атап көрсетіледі. МӘМС пакетіне кірмейтін жеке медициналық қызметтер ақысын ЕМС арқылы төле уге бол ады, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндіріс орындарында еңбек ететін жұмысшыларды міндетті медициналық тексеру , санатор лық -курорттық ем, косметология т.б.

О дан басқа, ЕМС жүйесінде жеке меншік емханалар тарапынан көрсетілген қызметтер ақысын өсіріп көрсету қаупі бар . Ол жұмыс берушіні қосымша шығынға батырады. Сондай-ақ ЕМС жүйесінде тапсырыс беруші (қазіргі жағдайда – жұмыс беруші) жеткізушілер көрсететін медициналық көмек сапасын бақылай алмайды. МӘМС жүйесінде Қор медициналық көмектің сапасын бақылауды қамтамасыз етеді, сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 15 бап

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы» қаулысы ( № 400 , 2018 жылы 30 маусым), 11 тармақ

40

Егер қарамағымдағы ж ұмыскерлер жыл бойы медицина ұйымдар ына жүгінбесе, онда төленген салымдар қайтар ыла м а?

Жоқ, бұл жүйеде қаржыны қайтару қарастырылмаған. Себебі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтау жүйесі емес. Жұмыс берушілердің қарамағындағы ж ұмыскерлер жыл бойы медициналық ұйымдар ға жүгінбе се де, жұмыскерлер үшін төленген салымдар қайтарылмайды. Бұл әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ортақ жауапкершілік принципіне қайшы келеді. Төленген қаражат, осы кезеңде медициналық қызметтерді пайдаланған азаматтардың еміне төлеуге жұмсалады

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы, 2015 жыл 16 қараша, № 405-V ҚРЗ, 4 бап

41

Қорға жарнаны уақтылы төлейтін және медициналық көмекке жүгінбейтін кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға болашақта қандай да бір ынталандыру шаралары қарастырылуы мүмкін бе?

Қолданыстағы заңдарда мұндай ынталандыру шаралары қарастырылмаған.

Мұндай ынталандыру шаралары әлемдік тәжірибеде де қолданылмайды.

Көзделмеген

42

Біздің кәсіпорында ведомство ға қарасты жеке медициналық-санитарлық бөлім ше бар . Сол жерде кәсіпорын есебінен ем аламыз. Ендеше біз не үшін М СҚ-на жарна төлеуіміз керек?

Қолданыстағы «МӘМС туралы» заңға сәйкес, Қазақстан азаматтары сақтандыру жарналары мен аударымдарын төлеуге міндетті. Сіздің мекемедегі медициналық бөлімше Қор өткізетін конкурстарға қатысып, емханалық-амбулаторлық және стационарлық көмек көрсетуге тапсырыс алуға құқылы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылы 7 тамыздағы «Денсаулық сақтау субъектілерінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» № 591 бұйрығы .

43

ЕАЭО елдерінен келген шетелдік еңбек мигранттары ТМККК шеңберінде қандай көмек ала алады ?

ЕАЭО-қа мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттары мен олардың отбасыларына медициналық көмек көрсету туралы хаттаманың 4 және 5 тармақтарына сәйкес (ЕАЭО туралы келісімшартқа №30 қосымша), ЕАЭО елдері ұйымға мүше мемлекеттердің азаматтары мен олардың отбасыларына тегін шұғыл және жедел медициналық көмекті өз азаматтарымен теңдей негізде көрсетеді . Шұғыл және жедел медициналық көмек олардың сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан тегін көрсетіледі. Пациенттің өмірі мен денсаулығына төнген қауіп сейілгеннен кейін әрі қарай ем-домды жалғастыратын болса, көрсетілген қызмет ақысын пациенттің өзі төлейді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылы 30 қыркүйектегі №665 бұйрығымен бекітілген Иммигранттарға медициналық көмек көрсету тәртібінің 10 тармағына сәйкес, ТМККК шеңберінде иммигранттар қоршаған ортаға қауіп төндіретін өткір аурулар кезінде (белгіленген аурулар тізімі бойынша) тегін көмек ала алады. Қалған жағдайда медициналық қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

Сонымен қатар, шетелдіктер ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылы 1 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы» № 194 бұйрығы негізінде тегінә көмек ала алады (19 жұқпалы ауру бойынша ).

1.Дифтерия

2. Қызылша

3 .Қызамық

4.К өкжөтел

5.Скарлатина

6. Желшешек

7.Эпидеми ялық паротит

8.А, В С сүзегі (паратиф)

9.Полиомиелит

10.Тұмаудың қалыптан ауытқыған түрлері

11.Менингококк инфекциясы

12.Тырысқақ

13. Іш сүзек

14. Туберкулез

15. Күйдіргінің өкпені қабындыратын түрі

16. Оба

17. Вирусты қанды безгек

18. А, Е вирусты гепатиттері

19. Малярия

«Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығы

44

Жұмыс беруші қарамағында еңбек ететін шетелдік-ЕАЭО азаматы үшін жарна төлеуге міндетті ме ?

Қазақстан Республикасы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» з аңының 2-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер қолданыстағы заң да басқаша кө рсетілм есе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды пайдаланады және жауап береді. Еңбек мигранттарына медициналық көмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Шетелдіктердің отбасы мүшелеріне бірге тұратын зайыбы (ері) мен балалары жатады.

ЕАЭО туралы келісімнің 98 бабы 3 тармағына сәйкес, ұйымға мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері әлеуметтік жағынан сол елдің азаматтарымен теңдей қамтамасыз етіледі (зейнетақыдан басқа) .

ЕАЭО туралы келісімнің 96 бабы 5 тармағы тоғызыншы абзацына сүйенсек, әлеуметтік қамсыздандыру дегеніміз – еңбек ету қабілетінен уақытша айырылудан және бала босануына байланысты сақтандыру, өндірістегі бақытсыз оқиғалар мен кәсіби сырқаттардан міндетті сақтандыру және міндетті медициналық сақтандыру.

Жұмыс берушілер өз қарамағында істейтін, Қазақстан аумағында тұрақты түрде және уақытша тұрып жатқан ЕАЭО азаматтары мен оралмандар үшін МӘМС аударымдарын аударуы тиіс.

Жұмыс берушілер жарнаны төмендегі тәртіп бойынша аударады:

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап – жұмыскер табысының 1 пайызы;

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – жұмыскер табысының 1,5 пайызы;

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – жұмыскер табысының 2 пайызы;

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап – жұмыскер табысының 3 пайызы.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы, 2015 жылы 16 қараша № 405-V ҚРЗ, 2 ба п

45

ҚР аумағында келісімшарт бойынша еңбек ететін шетелдіктер-ЕАЭО азаматтары не істеуі керек ? ЕАО елдерінен келген мигрант немесе оның зайыбы жарна төлеп, өзін-өзі сақтандыра ала ма ? Оларға МӘМС пакетіне кіретін қызметтер толық көрсетіле ме?

Қазақстан Республикасы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңының 2-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер қолданыстағы заңмен басқаша көрсетілмесе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды пайдаланады және жауап береді. Шетелдіктердің отбасы мүшелеріне бірге тұратын зайыбы (ері) мен балалары жатады.

ЕАЭО туралы келісімнің 98 бабы 3 тармағына сәйкес, ұйымға мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері әлеуметтік жағынан сол елдің азаматтарымен теңдей қамтамасыз етіледі (зейнетақыдан басқа).

ЕАЭО туралы келісімнің 96 бабы 5 тармағы тоғызыншы абзацына сүйенсек, әлеуметтік қамсыздандыру дегеніміз – еңбек ету қабілетінен уақытша айырылудан және бала босануына байланысты сақтандыру, өндірістегі бақытсыз оқиғалар мен кәсіби сырқаттардан міндетті сақтандыру және міндетті медициналық сақтандыру.

Егер ЕАЭО туралы келісімшартқа қатысушы мемлекет азаматы Қазақстан республикасы аумағында тұрақты тұратын болса немесе оралман болса, ол Қазақстан республикасы азаматтарымен бірдей құқықтарға ие. Соның ішінде, МӘМС жарнасын төлеуге міндетті.

МӘМС жүйесі мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген. Осыны ескерер болсақ, ҚР аумағында еңбек ететін шетелдіктер-ЕАЭО азаматтары (соның ішінде, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететіндер) мен олардың отбасы мүшелері МӘМС жарнасын Қазақстан республикасы азаматтарымен теңдей төлеуі тиіс.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы , 2015 жыл ы 16 қараша № 405-V ҚРЗ , 2 ба п

46

МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтар бойынша консультация беретін байланыс телефондарын білуге бола ма?

БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ – 1414

Тәулік бойы, Қазақстан бойынша кез-келген телефоннан қоңырау шалу тегін

Егер МӘМС жүйесіне қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, МСҚ-ның халықпен жұмыс жөніндегі департаментіне қоюыңызға болады:

8 7172 647 023

8 7172 647 035

8 7172 647 066

ЕГЕР СІЗГЕ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРДЕ МӘ МС МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗУ ҚАЖЕТ БОЛСА:

ФИЛИАЛДАРДЫҢ БАЙЛАНЫС НӨМІРІ :

«МСҚ» КЕАҚ Астана қ. филиалы, тел.: 8 7172 68-98-44

«МСҚ» КЕ АҚ Алматы қ. филиалы, тел.: 8 7273 75-04-55

«МСҚ» КЕ АҚ Ақмола облыс тық филиалы, тел.: 8 7162 50-79-12

«МСҚ» КЕ АҚ Ақтөбе облыс тық филиалы, тел.: 8 7132 97-23-00

«МСҚ» КЕ АҚ Атырау облыс тық филиалы, тел.: 8 7122 95-69-31

«МСҚ» КЕ АҚ Шығыс-Қазақстан облыс тық филиалы, тел.: 8 7232 50-09-56

«МСҚ» КЕ АҚ Жамбыл облыс тық филиалы, тел.: 8 7262 96-35-05

«МСҚ» КЕ АҚ Батыс-Қазақстан облыс тық филиалы, тел.: 8 7112 97-20-45

«МСҚ» КЕ АҚ Қарағанды облыстық филиалы, тел.: 8 7212 42 58 62

«МСҚ» КЕ АҚ Қостанай облыс тық филиалы, тел.: 8 7142 90-23-32

«МСҚ» КЕ АҚ Қызылорда облыс тық филиалы, тел.: 8 7242 23-42-18

«МСҚ» КЕ АҚ Маңғыстау облыс тық филиалы, тел.: 8 7292 52-38-02

«МСҚ» КЕ АҚ Павлодар облыс тық филиалы, тел.: 8 7182 21-33-95

«МСҚ» КЕ АҚ Солтүстік-Қазақстан облыс тық филиалы, тел.: 8 7152 46-59-33

«МСҚ» КЕ АҚ Оңтүстік-Қазақстан облыс тық филиалы, тел.: 8 7252 53-09-06