Денсаулық сақтау жүйесі үшін жаһандық сын (инфекциялық емес аурулардың өсуі, жаңа технологияларды енгізудің есебінен жүйенің ресурссыйымдылығы, егде адамдар санының артуы) денсаулық сақтау шығындарының көбеюіне себеп болады.
ҚР-да денсаулық сақтауды қаржыландыру деңгейі жақын көрші елдермен (РФ-да ЖІӨ-ден 5% -дан астам) және ЭЫДҰ елдерімен (ЖІӨ-ден орташа 8-9%) салыстырғанда аса төмен – ЖІӨ-ден 3,5% деңгейінде.
Сонымен қатар, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекспен көзделген ортақ жауапкершілік қағидаты әлі де іске асырылған жоқ.
Халықаралық тәжірибеде міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жоғарыда аталған сынға жауап бере алады және жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
МӘМС енгізе отырып, денсаулық сақтауға жалпы шығындар ЖІӨ-ден %-да арта түседі, бұл медициналық қызметтер сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге көмектеседі. Қаржыландыру көздерін әртараптандыру және қаржыландыру көлемдерін ұлғайту тұтастай алғанда ЭЫДҰ елдерінің өмір сүру деңгейін нығайтуға пәрменді әрекеттер арқылы септігін тигізеді