Елдің ЖІӨ-сінің төмендеуі күтілмейді, бұл жерде әңгіме оның өсу қарқынының бәсеңдеуі туралы болып отыр. Бұл сияқты макроэкономикалық ауытқуларды өтеу мүмкіндіктері қазірге кезде бірнеше бағыттар бойынша пысықталуда:
– Қор резервтерін қалыптастыру;
– экономикалық тұрақтылық нығайған кезде негізгі түсім жұмыс берушілерден болады, экономикалық жағдай төмендеген кезде түсімдер мемлекет тарапынан күтіледі;
– ағымдағы қаржы жылынан екі жыл бұрынғы орташа айлық жалақыдан мемлекет міндеттемелерін белгілеу арқылы макроэкономикалық деңгейлестіру құралдары (дағдарыс кезеңдерінде бұл бюджетке неғұрлым жоғары деңгейлі жарналарды қамтамасыз етеді);
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша мемлекет тарапынан кешенді іс-шаралар, кірістерді заңдастыру, халықты ақпараттандыру және т.б.