ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының бос лауазымына конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Басқарма төрағасының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны (Кәсіпорынның нақты мекенжайы):

Астана қ., Байқоңыр ауд., А. Иманов к-сі, 11 үй, «Нұрсәулет-1» БО, 3-қабат. Байланыс телефоны: +7 7172 76 81 65 (HR-қызметі), электрондық пошта: secretariat@hls.kz.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

халықтың хабардарлығын арттыру және оны қоршаған ортаның әртүрлі факторларының зиянды әсерінің, зиянды тамақтанудың және мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алу және азайту жөніндегі іс-шараларға тарту;

инфекциялық және негізгі инфекциялық емес ауруларға, оның ішінде психикалық денсаулығының бұзылуына және жарақаттануға эпидемиологиялық мониторингті қамтамасыз ету;

ел халқының денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған сектораралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, үйлестіру және кеңейту;

денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың және өзге де құқықтық нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

өңірлік және ұлттық деңгейлерде аурулардың дамуын ұзақ мерзімді модельдеу мен болжаудың халықаралық жүйелерін енгізу.

Басқарма төрағасының негізгі лауазымдық міндеттері:

  • Кәсіпорынның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, Кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
  • Кәсіпорын қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және байқау кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады.
  • Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың өзара іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оның қарамағындағы тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
  • Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіпорын қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде Кәсіпорын жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
  • Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
  • Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.
  • Кәсіпорын қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
  • Кәсіпорынды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның актілерінде, Кәсіпорынның жарғысында, сондай-ақ оның ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

  • «Медициналық-профилактикалық іс» және (немесе) «Санитария, Гигиена, Эпидемиология» және (немесе) «Қоғамдық денсаулық» және (немесе) «Қоғамдық денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Гигиена, Эпидемиология» тиісті мамандығы бойынша біліктілік беру туралы куәлік және (немесе) «Денсаулық сақтау» даярлығы бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім және (немесе) executive МВА (экзекютив ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
  • халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымдарда басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығын;
  • қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін;
  • денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін;
  • басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдауды;
  • медициналық қызметтер нарығының конъюктурасын;
  • денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелерді;
  • халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштерді;
  • отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибені;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды;
  • төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыруды білуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
  2. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  3. білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
  4. еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
  5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама;
  7. негізгі мәселелерді талдауды және кандидат ұсынатын оларды шешу жөніндегі шараларды қамтитын (көлемі 5 слайдтан аспайтын) Кәсіпорынды дамытудың таныстырылымы.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: хабарландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде (2025 жылғы 22 шілдеден бастап 5 тамызды қоса алғанда).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін Кәсіпорынға электрондық түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді Кәсіпорынның Байқау кеңесі жүргізеді.