Денсаулықты нығайтатын мектептер – өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін салауатты орта ретінде өзінің әлеуетін үнемі нығайтатын мектеп.
Бүкіл мектеп қауымдастығының денсаулықты сақтау және нығайту мәселелерін ұстануы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп құрудың негізі болып табылады.
Денсаулықты нығайтатын мектеп тұжырымдамасын енгізу стратегиясы мектеп әкімшілігінің, мектеп қызметкерлерінің, оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен және қолдауымен жасалады.
ҚР бойынша мектептердің жалпы саны – 7550, оның ішінде қалалық мектептер – 2288, ауылдық мектептер – 5262. Оларда 3,5 миллионнан астам оқушы оқиды, бұл жалпы халықтың 18,2%-ын құрайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер саны 1201 мектепті құрады, бұл мектептердің жалпы санының 15,6%-ын құрайды. Мектептерді ДНЫЕМ жобасымен қамтуды ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Іске асырылған негізгі іс-шаралар:
1. Денсаулық сақтау және білім басқармаларынан ДНЫЕМ жобасын іске асырудың өңірлік үйлестірушілері тағайындалды.
2. 2022 жылғы 19-20 қыркүйекте 48 тыңдаушыны қамти отырып, денсаулық сақтау және білім басқармаларынан өңірлік үйлестірушілер үшін ДНЫЕМ бастамасын кеңейту шеңберінде оқыту семинары өткізілді. Техникалық кеңес беру ДДҰ елдік кеңсесінің әдіснамалық қолдауымен жүргізілді.
3. ДНЫЕМ Еуропалық желісінің мектептері үшін нұсқаулықтың 2.0 нұсқасын мемлекеттік тіліне бейімдеу жүргізілді.
4. Әзірленген және бейімделген әдістемелік нұсқаулықтар Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының 18.03.2022 ж № 1 Ғылыми Кеңесінің отырыстарына бекітілді
5. ДДҰ елдік кеңсесінің қаржылық қолдауымен үйлестірушілер мен мектеп мамандары үшін екі тілде оқыту бейнеролигі шығарылды.
6. ДНЫЕМ веб-сайтының контентін оңтайландыру мақсатында ДНЫЕМ веб-сайтының дизайнын қайта қарау жүргізілді және ДДҰ-мен бірлесіп Қазақстандағы “ДНЫЕМ” ресми веб-сайтын өзектендіру жөніндегі тұжырымдама әзірленді.
“Бүкіл мектеп қоғамдастығының денсаулығын нығайту және қорғау орны ретінде денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер” тақырыбында субөңірлік конференция өткізу
2022 жылғы 12-13 желтоқсанда Астана қаласында ДДҰ елдік кеңсесінің қолдауымен “Бүкіл мектеп қоғамдастығының денсаулығын нығайту және қорғау орны ретінде денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер” тақырыбында ұлттық және халықаралық денсаулық сақтау сарапшыларын тарта отырып, аталған ДНЫЕМ жобасын іске асыруға жауапты өңірлердің денсаулық сақтау басқармасының өкілдері үшін халықаралық субөңірлік конференция өткізілді.
Конференция бағдарламасына ұлттық бағдарламаларды іске асыру, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтудағы негізгі инновациялар, денсаулық пен әл-ауқат жөніндегі жол картасы мәселелері, мектептің ұлттық денсаулық сақтау қызметтерін бағалау, COVID-19 кезінде денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер бойынша халықаралық тәжірибелер, covid-19 пандемиясының балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығына әсері, Қазақстанда ЖДО желісін дамыту, балалар мен жасөспірімдерде ИЕА қауіп факторларының алдын алу, мектеп жасындағы балалардың денсаулығына қатысты мінез-құлқы (елдердің тәжірибесі), HBSC зерттеуінің нәтижелері, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мәселелері сияқты өзекті мәселелер кірді.