“Біз өзімізге де, айналамыздағы жақындарымызға да жанашыр болуымыз керегі сөзсіз. Біз коронавирус зардабынан екі жылдың ішінде 18 мыңнана аса адамнан айырылып қалдық. Бейбіт күнде арамыздағы ардақтыларымызды жоғалтқанымызды естен шығармаған абзал деп ойлаймын”, – дейді ол.
Премьер-министрдің орынбасары бұл жағдайға той жасап, қонаққа барып жүргендер кінәлі екенін айтты.
“Қаталдау естілсе де, айтайын, бұл жағдайға өзіміз кінәліміз. Тығылып қонаққа барамыз, мейрамханалардың артқы есіктерінен кіріп той жасау, маска тағуды қажет деп санамау, санитариялық талаптарды қабыл көрмеу сияқты әрекеттеріміздің салдарынан қаншама адам қайтыс болып кеткенін өздеріңіз жақсы білесіздер. “Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өмірдің қас жауы” деп аталарымыз бекер айтпаған деп ойлаймын”, – деді Ералы Тоғжанов.
Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/ozmz-knal-togjanov-epidjagday-nasharlauyi-turalyi-459523/