Коронавирустың жаңа нұсқасы, яғни омикрон штамы тұмауға ұқсас келеді. Бұл туралы астананың жоғары санатты инфекционист дәрігері Эльмира Адишева айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәрігердің сөзінше, омикрон штамы дельта штамына қарағанда өте қауіпті болмауы мүмкін.
“Қолда бар мәлімет бойынша, омикрон штамы зиян емес. Нақты қорытынды жасау үшін статистика көп болуы керек және бақылау қажет. ДДСҰ әлі күнге дейін омикрон штамын жұқтырған адамдарда коронавирус туралы мәліметтерді жинап жатыр. Әзірше аурудың жеңіл ағымы үрдісі байқалады. Коронавирустың жаңа түрі тұмауға ұқсас. Омикронның негізгі симптомдары: әлсіреу, тамақтың қышуы, құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі”, – деді дәрігер Нұр-Сұлтан әкімдігінінің брифингінде.
Еске салайық, коронавирустың “омикрон” нұсқасын ДДСҰ сарапшылары “алаңдаушылық туғызатындар” санатына жатқызады, өйткені оның құрамында патогеннің жасушаларды жұқтыруы үшін қажет S-белоктың 32 мутациясы бар.
Дереккөз: https://tengrinews.kz/medicine/omikron-shtamyi-tumauga-uksas-darger-456021/