Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілуде, онда Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп әзірлеген eGov mobile мобильдік қосымшасының «цифрлық құжаттар» сервисінде электрондық «вакцинация паспортының» жаңа нұсқасы ұсынылды. Азаматтарға вакцинациялаудың барлық кезеңдерінен өткеннен кейін 3 тілде қолжетімді электрондық құжат беріледі
Электрондық құжаттың жаңа нұсқасында туған күні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа деректер қосылды. Құжат иесі сұрау салушы Тарапқа QR-кодты ұсына алады, бұл құжаттың заңдылығын тексеруге көмектеседі. Кодты сканерлеу кезінде пациенттің вакцинациядан өткені туралы дербес деректердің таралуын қорғау мақсатында анықтамадағы деректер жасырылған (деректердің бір бөлігі ***белгіленген) пациенттің вакцинациясы туралы деректері бар бетке көшу жүзеге асырылады.
Қажет болған жағдайда мобильді қосымшаны пайдаланушының телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электрондық құжатымен бөлісу мүмкіндігі бар.
EGOV mobile мобильдік қосымшасының «цифрлық құжаттар» сервисінде орналастырылған вакцинациялаудың электрондық паспортын ұсынуға мүмкіндігі жоқ адамның вакцинациясын растау үшін медицина қызметкері медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінен басып шығарған қағаз жеткізгіштегі анықтаманы ұсыну мүмкіндігі бар.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/225244?lang=kk