Қазіргі заманғы демографиялық жағдайда халықтың денсаулығын сақтау мәселесі ең өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік саясаты осы міндетті шешу үшін бағытталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы азаматтардың елдегі қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік саясатына қатысу және халықтың ұсыныстарын жинау үшін «Қазақстанның салауатты қалалары (өңірлері)» тұрақты байқауының әдістемелік ұсынымдарының Жобасын әзірледі.
Сіздерді Жобаны талқылауға шақырамыз. Өз ұсыныстарыңызды secretary@hls.kz электрондық мекен-жайына жібере аласыздар.
Кері байланыс үшін хатта: аты-жөніңізді, жұмыс орныңызді, телефон нөміріңізді және электрондық пошта мекенжайын көрсетулеріңізді сұраймыз.
Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз.
Тұрақты жұмыс істейтін конкурсты өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар