ҚДСҰО мен бірқатар министрлік Минскіде өткен семинарға қатысты

Астана, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының және ҚР Энергетика, Инвестициялар және даму, Ауылшаруашылық министрліктерінің қызметкерлері Беларусь Республикасы, Минск қаласында 29-31 қазанда өткен «Химиялық заттарды ұтымды реттеудің ұлттық жүйелерінің басты элементтерін құру» ДДСҰ жобасын жүзеге асыру бойынша Екінші оқу семинарына қатысты.

Іс-шарада Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, елдің Бас санитарлық дәрігері Наталья Жукова сөз сөйледі, ол қонақтарға алғысын білдіріп, жемісті жұмыс тіледі.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының шақыруы бойынша семинардың жұмысына ДДСҰ жобасына қатысушы елдерден (Беларусь, Грузия, Қазақстан) бөлек, Украинаның және Арменияның өкілдері қатысты.

Семинардың «Химиялық заттарды ұтымды басқаруға арналған құқықтық және ақпаратты құрылымдар» тақырыбы шеңберінде Еуропа Одағының қолданыстағы регламенттерінің қолданылуының құқықтық мәселелері, химиялық заттар Тізілімін қадағалау және жүргізу жүйесі, химиялық заттарды басқару стратегиясын әзірлеу және т.б. мәселелер талқыланды.

Әр ел химиялық заттарды басқару бойынша жағдай туралы ақпарат берді.

Басқа да елдердің қатысуы арқылы кеңейтілген форматтағы үшінші оқу тренингін 2019 жылы Қазақстанда өткізу жоспарлауда.

Дереккөз