Контрацепция
Көптеген ерлі-зайыптылардың және әйелдердің алдында, керек емес жүктіліктен қалай сақтау керек деген сұрақ тұрады. Бұл сұрақтың туындауына себеп болатын, жүкті болатын әйелдің немесе дүниеге келетін баланың дені сау болама деген сұрақ емес, сонымен қатар бақытты отбасы құрыла ма жоқ па деген күрделі сұрақ тұрады
Осы кезде контрацепцияны қолдану қауіпсіз жыныстық қатынас жасауға және денсаулығыңды сақтауға, сонымен қатар өзіңнің жаныңа жайлы және ұнайтын өмір сүруге көмектеседі.
Контрацепция сізге қалай көмегін тигізеді:
Ұнайтын адамыңмен ерікті сезінуіңе көмектеседі және керегі жоқ жүктіліктің болып қалуынан сақтайды.
Сіздің балалы болуыңызды ойлануға мүмкіндік береді. Сондықтан, ойланып шешкенен кейінгі балалы болуға шешім қабылдап, еккіқабат болып, балалы болуыңыз өзіңіздің жоспарыңызбен болады да, ол ісіңізге өкінбейтін боласыз.
Жасанды жолмен баланы алдырып тастағанда, денеңізге және жан-дүниеңізге жарақат әкелетін, денсаулығыңызға зиянын тигізетін қауіп және қатерден сақтайды.
Бір бала туғаннан кейінгі екінші баланы туудың арасындағы уақыттың жиі болмауын сақтауға көмектеседі. Себебі екі баланың арасының аз дегенде үш жыл болуы, ананың денсаулығының қалпына келіп және келесі баланы тууға да денсаулығын дайындауға көмегін тигізеді.
Кейбір контрацепциялар жыныс жолымен жұғатын аурулардан сақтайды.
Күтпеген жүктіліктен сақтанудың көптеген әдістері бар. Бірақта, барлық әйелдерге бірдей жақсы әсер ететін контрацепциялық дәрі жоқ екенін естен шығармау керек. Қандай емдік әдісті алсаңыз да, оның жетістігі мен жетіспеушілігі, жағымды, жағымсыз және кері әсерлері болады. Сондықтан контрацепцияны әр-адамның дене мүшесіне қарай, қалай әсер беруіне байланысты, жыныстық қатынасқа деген нйетіне және денсаулығының жарамдығына байланысты таңдауы керек. Сіздің денсаулығыңызға пайдасы бар контрацепцияны дәрігер акушер-гинеколог немесе әйелдерге кеңес беру мекемесінің арнайы даярланған акушеркасы ғана таңдап бере алады.
Физиологиялық әдіс
Әйелдің жыныстық жұмытқасынан әр-бір жаңа жұмырқалық жасуша жуықтап алғанда келесі етеккірге 14 күн қалғанда өсіп жетіледі. Әйелдің жұмыртасының жасушасының өмірі өте қысқа, ол 24 сағат өмір сүреді десек, сперматозойдтың өмірі 48 сағатқа созылады да, бұл екі есе көп уақыт өмір сүреді дегенді білдіреді. Осы жағдайды білгеннен кейін, овуляция болатынға дейінгі және одан кейінгі үш-төрт күндегі «қауіпті күндерде» жыныстық қатынас жасамасаңыз күтпеген жүктіліктен сақтана аласыз. Бұл әдіс, тек ай-сайынғы етеккірі өзгеріссіз, дұрыс етеккір кезеңі болатын әйелдерге ғана тиімді. Егерде, сіздің күнделікті өміріңізде қандай да бір жағымсыз жағдай болып қалса, ол етеккірдің реттік кезеңі бұзуы мүмкін, мұл кезде жыныстық жұмыртқа жасушасының өсуінің уақытын бұзады.
Төменде етеккірлерінің кезеңдері әр-түрлі ұзақтық кезеңде болатын әйелдердің «қауіпті күндерін» анықтауға болатын кесте берілген.
Ұрықтанудың мүмкін болатын кезеңін қалай есептеуге болады ?
Сіздің етеккіріңіздің
ең қысқа
кезең күні
Сіздің бірінші «қауіпті күніңіз» Сіздің етеккіріңіздің
ең ұзақ
кезең күні
Сіздің соңғы «қауіпті күніңіз»
21* 3-ші күн 21 10-шы күн
22 4-ші 22 11-ші
23 5-ші 23 12-ші
24 6-шы 24 13-ші
25 7-ші 25 14-ші
26 8-ші 26 15-ші
27 9-шы 27 16-шы
28 10-шы 18 17-ші
29 11-ші 29 18-ші
30 12-ші 30 19-шы
31 13-ші 31 20-шы
Ескертпе: * 1 күн = етеккірдің бірінші күні (етеккірдің қанауының)
Контрацепцияларды физиологиялық әдіспен
қолданудың ұсынсы:
1. Етеккір күнтізбегін бастаңыз, онда 8 ай бойына әр-бір болған етеккір кезеңінің ұзақтығын белгілеңіз. Әр кезең етеккірдің бірінші басталған күнінен басталады (етеккір кезеңінің бірінші күні) және келесі етеккір басталуға бір күн қалғанда (етеккір кезеңінің соңғы күні) аяқталады.
2. Ең ұзақ және ең қысқа күндерде болтын етеккір кезеңін анықтаңыз.
3. Кестеден өзіңіздің «қауіпті күніңізді» табыңыз. Етеккіріңіздің ең қысқа күнінің ұзақтығын қолданып және соңғы «қауіпті күніңізді» қолдана отырып, ең ұзақ еттеккір кезеңін алыңызда өзіңіздің бірінші «қауіпті күніңізді» анықтаңыз.
4. Қазіргі етеккір кезеңінің ұзақтығын ескере отырып, бірінші және соңғы «қауіпті күніңізді» анықтаңыз.
5. «Қауіпті күніңізде» жүктілік болып қалмасы үшін контрацепцияның басқа да әдістерін: барьерлік , химиялық ж.б. түрлерін қолдануыңызға болады.
Ұтымдылығы:
Денсаулыққа қатері жоқ;
Қосымша әсерлері жоқ;
Қаражатты көп қажет етпейді.
Жетіспеушілігі:
Жоғары сапалы емес;
«Қауіпті күніңізде» жыныстық қатынас жасамау керек және контрацепцияның басқа әдісін қолдану керек болады;
АИЖА/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды.
Дененің ыстығын анықтайтын әдіс.
Дененің ыстығының көтерілуі овуляцияның болғанын емес оның дамуының басталғанын білдіреді. Дененің қызуы кейде овуляцияға 12-24 сағат қалғанда төмендеуі мүмкін, одан кейін орта есепте 0,2-0,5 ºС көтерілуі мүмкін. Сондықтан, дененің қызуының көтерілуінің соңғы үш тәулікке созылған уақыты, ұрықтанудың немесе жүктіліктің мүмкін болатын күндері деуге болады.
Дененің қызуының көтерілуіне басқа да жағдайлар (күтпеген жағдайлар, аурушылықтар ж.б.) әсер беретін болғандықтан, дененің қызуының көтерілуін өлшеу әдісі жүктілікті болдырмаудың ең тиімді әдісі бола алмайды.
Мынаны ескерген жөн, кейбір әйелдердің дене қызуы еш өзгермейді, сонлықтан бұл әдіс те барлық әйелдерге бірдей тиімді емес.
Дене қызуының көтерілуін өлшейтін әдісті қолданудың ұсынысы.
1. Денеңіздің қызуының көтерілуін күнде ертең ерте төсегіңізде жатқанда өлшеңіз;
2. Денеңіздің қызуының көтерілуін күнде ертең ерте өлшегенде бір ғана термометрмен өлшеңіз;
3. Денеңіздің қызуының көтерілуін белгіленген бір уақытта және денеңіздің белгіленген жерінен ғана өлшеңіз (ауыз қуысының қызуын – 5 минут, ал тоқ ішектің немесе жатыр қынабының қызуын – 7 минут) өлшеу керек;
4. Әр күні өлшеген қызуыңыздың қанша болғанын белгілі қағазға тізіп жазып жүріңіз;
5. Дененің қызуы кейде овуляция кезінде орта есепте 0,2-0,5 ºС көтеріледі. Егерде дененің қызуы көтерілмегенін анықтасаңыз, жалғастыра беріңіз, себебі әлі овуляция болмаған.
6. Егерде сіздің денеңіздің қызуы түспеген болса, онда сіздің «Қауіпті күніңіз» әлі жалғасып жатыр деген түсінікті білдіреді, ендеше бұл басқа бір сырттан әсер етудің салдарынан көтерліген қызуыңыз емес.
Ұтымдылығы:
Денсаулыққа қатері жоқ;
Қосымша әсерлері жоқ;
Қаражатты көп қажет етпейді.
Жетіспеушілігі:
Жоғары сапалы емес;
Овуляция кезінде жыныстық қатынас жасамау керек және контрацепцияның басқа әдісін қолдану керек болады;
АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды.
Лактациялық аменорея әдісі
Лактациялық аменорея – бұл әйелдің баланы емшек сүтімен бағып жүрген кездегі етеккірдің болмаған уақыты, осы кезде жыныс жұмыртқа жасушасының өсіп жетілуіне көмектесетін гармонның физиологиялық жолына емшекпен емізу құбылысының кері әсерінен болады.
Лактациялық аменорея күтпеген жүктіліктен сақтайтын ең тиімді әдіс болып есептеледі, егерде баланы тек қана емшек сүтімен ғана тамақтандыратын болса, және де емшекпен әр екі сағат сайын және міндетті түрде, түнде де емшек сүтімен емізіп тамақтандыратын болса.
Лактациялық аменорея әдісі әдетте, баланы туғаннан кейін, баланың тамақтануына қосымша тамақ қосылғанға дейінгі 6 ай уақытына ғана қолданылады.
Ұтымдылығы:
Eмшекпен тамақтандырудың дұрыс әдісі мен уақыт аралығын қатал сақтаған кезде ғана тиімді;
Қосымша әсерлері жоқ;
Қаражатты көп қажет етпейді.
Жетіспеушілігі:
АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды.
Етеккір келгенге дейін ғана тиімді әдіс немесе бала туылғаннан кейінгі 6 айдан артық уақытта пайдасы жоқ;
Жыныстық қатынастың үзілуі
Жыныстық қатынастың үзілуін қалай түсінуге болады, ол дегеніміз ер адам сперманы (ұрықбөліну) қынаптың сыртына және әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріне шығаруды айтады. Жыныстық қатынастың толық үзілуі болу үшін, ер адам еркектік жыныс мүшесін қынаптан толығымен шығаруы керек.
Ұтымдылығы:
Қаражатпен еш байланысы жоқ;
Қосымша әсерлері жоқ;
Жетіспеушілігі:
Төмен сапалылығы (себебі ер адам сперманы бөлгенен кейін, оның бірнеше тамшысы қынапта қалып қалса, ол күтпеген жүктілікті тудыруды болдыруы мүмкін);
Кейбір ер адамдар сперма шығару уақытын бағындыра алмай қалуы мүмкін;
Екі жақтың да қанағаттанбай қалуы мүмкін;
АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды.
Тосқауылдық әдіс
Қынапқа, одан ары жатыр мойнына және жатырға сперматозоидтарды өткізбейтін тосқауылдық әдісі арқылы жүктілікті болдырмау үшін механикалық зат қолданады және ол ұрықтануды болдырмайтын кедергі жасайды. Механикалық зат ретінде кедергі үшін кеңінен қолданып жүрген презервативті қолданады. Сонымен қатар цервикалдық қалпақты, диафрагманы және губканы қолдануға болады.
Презервативконтрацепциялық әдістің ең тиімдісі және сапалысы болып есептеледі, оны сперманың қынапқа кіріп кетпесі үшін қолданады. Презервативті эрекция кезінде (еркектік жыныс мүшесінің қозу кезі) еркектің жыныс мүшесіне толығымен тигізеді. Презервативті қолданған кезде есіңізде болсын, әр-бір жыныстық қатынас үшін жаңа презерватив кию керек. Презерватив АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардың таралуынан және жұғуынан сақтайды.
Цервикалдық қалпақ – қалпаққа ұқсайтын сияқты, оны жатырдың мойнына кигізеді, сол кезде жатырдың мойнының сыртқы жағында немесе қынаптың жоғарғы жағында ұсталады да сол зарядты қысым тудырады. Сонымен цервикалдық қалпақ өзінің кедергі жасайтын дісімен сперматозойдтың жатыр ішіне өтіп кетпеуін қамтамасыз етеді.
Диафрагма – ол купол тәрізді жұмсақ доғалы резинке қалпақ, оны жыныстық қатынастың алдында қынапқа киеді, киген кезде артқы доғасы қынаптың артқы қуысына, ал алдыңғы доғасы шат сүйегіне мықты тақалады, ал куполы жатырдың мойнын жабады.
Цервикалдық қалпақшаны және диафрагма көп-рез қолданатын контрацепциялық заттардың қатарына жатады. Цервикалдық қалпақшаның немесе диафрагманың размерін дұрыс таңдау және оны қалай қолдану туралы кеңесті тек әйлдер кеңес беру мекемесінің маман дәрігері акушер-гиниколог қана бере алады.
Губка – спермицин сіңірілген, полиуретаннан жасалған жастық. Контрацептикалық губканың цервикальдық жағында шұңқыр бар, ол жатырдың қынабымен қозғалмайтындай болып жабысу үшін керек және жыныстық қатынас кезінде орнынан басқа жаққа жылжып кетуден сақтайды. Сонымен қатар екінші жағында қынаптан тез суырып алу жеңіл болуы үшін жасалынған торланған жібі бар.
Губканы қолданар алдында оны сумен жақсылап сулап алады да, қынаптың ішіне терең етіп кіргізеді. Қынаптың ішіне енген қынаптық губка 24 сағат бойы үздіксіз контрацептикалық әсер береді. Қолданысы біткен губканы лақтырып тастау керек.
Тосқауылдық әдіс жыныстық қатынасты қалыпты жағдайда, ылғи болатын адамдарға жүктіліктің болмауынан сақтайды.
Химиялық әдіс
Химиялық әдіс дегеніміз – химиялық заттары бар қынап ішілік спермицидтерді қолдану, ол әдіс сперматозоидтарды жатырдың ішіне кіргізбейді және олдарың қозғалуына тосқауыл жасайды.
Қазіргі спермицидтерді кірем, таблеткі, қынаптық свечалар, тампондар түрінде шығарады. Олардың бір түрін қынап ішіне жыныстық қатынастың алдында 5-10 минут бұрын енгізіп қояды. Оның әсері тек қынап ішінде ғана болады.
Ұтымдылығы:
әсері тек қынап ішінде ғана болады;
жыныс қатынасынан жұғатын аурулардың алдын алады;
жыныстық қатынасы қалыпты жағдайда болмайтын әйелдерге де тиімді;
Жетіспеушілігі:
тек жыныстық қатынастың алдында енгізіп қояды;
аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Жатырішілік ұрықтануға қарсы заттар (ЖҰҚЗ)
ЖҰҚЗ – жүктіліктің алдын алатын, жатыр ішіне енгізетін кішкентай құрал. ЖҰҚЗ сперматозоидтың жұмыртқа жасушасына қарай қозғалуына тосқауыл жасайды да ұрықтандыруды болдырмайды, сонымен қатар, егерде ұрықтану болып қалса, онда, жұмыртқа жасушасын жатыр қабырғасына жабыстырмайды.
ЖҰҚЗ екі түрі шығарылады: дәрілік және дәрілік емес. Дәрілік ЖҰҚЗ құрамында мыс, күміс, алтын, прогестерон және басқа да прогестиндер бар. Бұл заттардың ЖҰҚЗ қоспасының басты мақсаты – ЖҰҚЗ сапасын жақсарту және олардың әйелдің дене мүшелеріне зиянды әсерлерін төмендету.
ЖҰҚЗ жатыр ішінде акушер-гинекологтардың ғана көмегімен енгізіледі, және тек медициналық мақсатпен қолданылады. ЖҰҚЗ жатыр ішінде 5-10 жыл жатуы мүмкін, одан көп уақыт ұстауға болмайды, егерде қажет болса басқа жаңасын алмастырып салу керек. ЖҰҚЗ көбінесе бала туған әйелдерге ыңғайлы.
Ұтымдылығы:
Жоғары сапалы;
Ұзақ уақыт әсер береді.
Жетіспеушілігі:
Етеккір көп, ұзақ келуі мүмкін, кейде ауыратын болады;
Әйелдер спиралдің түсіп қалуын байқамайды, сондықтан ЖҰҚЗ мұртшасы бар ма, әлде жоқ па деп, әр-кезде тексеріп тұру керек. Бұның жағдайын спиралді салған дәрігерден сұрап білуіңізге болады;
АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды;
Жыныс мүшелеріндегі бұрыннан бар ауруларда асқындырып жіберуі мүмкін. Сондықтан, ЖҰҚЗ ішкі жыныс мүшелерінде аурулары бар әйелдерге қолдануға болмайды.
Инъекциялық әдіс
Инъекциялық әдісті қолдау дегеніміз – бұлшық етке гормондық дәрі салу арқылы 8-12 апталық контрацептикалық әсер жасау арқылы және ол дәрінің біртіндеп дене мүшесіне таралуы арқылы жүктіліктің алдын алу, ондай дәрінің әсерінің ұзақтығы гормондық дәрінің түріне байланысты.
Инъекциялық әдістің құрамына бір ғана гормон кіреді, ол – гестаген гармоны әйелдің дене мүшесіндегі жұмыртқа жасушасының өсіп жетілу құбылысын тоқтатады немесе жояды.
Бұл дәріні қолдануды тоқтатқанан кейін, ұрықтану құбылысы бірнеше айдың ішінде қалпына келеді.
Ұтымдылығы:
Жоғары сапалы;
Ұзақ уақыт әсер береді.
Жетіспеушілігі:
Етеккір келуі бұзылуы мүмкін;
Ұрықтану құбылысы бірнеше айдың ішінде қалпына келеді.
Егерде қосымша әсерлері байқалса, оны дәрінің әсері аяқталмағанша қосымша әсерлеріді жоюға әрекет жасауға болмайды.
АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды;
Хирургиялық әдіс
Бұл хирургиялық стерильдеу әдісін қолданғаннан кейін ешуақта жүктілік болмайды дегенді білдіреді. Өз еркімен хирургиялық стерильдену әдісі жүктіліктен сақтайды және ол әйелдер мен еркектерге бірдей тиімді.
Әйелдерді стерильдеу – ол жатыр түтікшелерінің қуысын бекіту үшін хирургиялық тосқауыл жасау, соның негізінде сперматозоидтар мен әйелдердің жұмыртқалық жасушалары бір-бірімен кеөдеспейді. Операция тек стационар жағдайында және де қатал түрде дәрігерлік ұсыныспен ғана жасалынады. Операциядан кейін әйелдің минструациясы болады, бірақ та балалы болмайды.
Еркектерді cтерильдеу (вазэктомия)-
тұқым әкелетін жолдарды тығындау арқылы сперманың жүруін тоқтату. Вазэктомия хирургиялық әдістердің ішіндегі жәй және жеңілі, сонымен қатар еркектер контрацепциясының ең тиімдісі.
Хирургиялық стерильдеу (ерлерге және әйелдерге) контрацепция әдістерінің ішіндегі функцияны қайта қалпына келтіруге болмайтын әдіс болып есептеледі. Сондықтан, бұл әдісті қолданғысы келген адамдар хирургиялық стерильдеу әдісінің соңы немен аяқталатынын жақсы түсініп барып қолдануға келісім берулері керек, әйтпесе хирургиялық стерильдеу әдісін қолданғаннан кейін ешуақта балалы болмайтын болып қалады.
Ұтымдылығы:
Сапасы 100% құрайды;
Потенция мен жыныстық қатынасқа деген ниетті бұзбайды.
Жетіспеушілігі:
Балалы болатын функцияны қалпына келтіруге болмайды;
Операциядан кейінгі асқынулар өте аз болады.
АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды;
Шұғыл контрацепциясы (немесе шұғыл жағдайда қолданатын контрацепция)
Шұғыл жағдайда қолданатын контрацепция (посткоиталдық таблеткалар) – бұл әдісті қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін, жүктілікті болдырмас үшін қолданады. Презерватив бүтін болмағанда, диафрагма мен цервикалдық қалпақтар орнынан қозғалып кеткенде, жүктілікті болдырмайтын таблетканы қолдануды ұмытып кеткенде, немесе күтпеген жағдайда болып қалған жыныстық қатынастан кейін шұғыл контрацепциясын қолданады.
Қазіргі кезде күтпеген жағдайда болып қалған жыныстық қатынастардан жүктілікті болдырмау үшін құрамы әр-түрлі болатын таблеткаларды қолданады, оны дәрігердің белгілеуімен схема түрінде қолданады және ЖІС (жатыр іші спиралі) салуға болада.
Шұғыл жағдайда қолданатын контрацепцияда гармондық таблеткаларды қолдану міндетті түрде ылғи немесе тұрақты қолдануды қажет етпейді. Неге десеңіз посткоиталдық таблетакларда өте көп құрамда гармондар бар, сондықтан бір етеккір кезеңінде бір-ақ резден артық қолдануға рұқсат етілмейді.
Шұғыл контрацепция түрінде қолданылатын таблетканың бір түрі – постинор. Бұл таблетканы жыныстық қатынас болғаннан кейін 72 сағаттан кешіктірмей қолдану керек. Таблетканы 72 сағаттан ертерек қолданса соншалықты сапалы болады. 72 сағат өткеннен кейін екінші таблетканы қолдау керек.
Жүктілік болдыма немесе болмады ма соны және басқа контрацептикалық әдісті қолдау үшін 2-3 аптадан кейін дәрігер акушер-гинекологта тексеруден өткен жөн болады.
Шұғыл контрацепция мақсатында жатырдың ішіне ЖІС дәрігердің көмегімен қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін 5 күннің ішінде салуға болады. Бұл әдіс тек әйелдерге ғана қолданылады, сонымен қатар гармондық таблетканы шұғыл контрацепция түрінде қолданғаннан кейін 72 сағат өтті, бірақта одан пайда болмады деген жағдайда ЖІС ұзақ уақытқа қолдануға жағдайы бар болғандықтан қолданылатын әдіс.
ЖІС салғаннан кейін 3-4 апта өткеннен соң етеккір болса да мейлі болмаса да міндетті түрде дәрігерге қаралуы керек.
Бұл әдістің бір жағымсыздығы АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды.
Ішетін контрацепциялар
Гармондық контрацепцияларды ойлап тапқан уақыттан бері күтпеген жүктілікті болдырмайтын ерекше бір жаңалық болып есептелді деуге болады. Өткен ғасырдың ортасында жүктілік кезінде фолликуланың өсуі мен жетілуі тоқтайтындығы анықталды және осы уақт жүктілікті болдырмайтын уақыт екендігі белгілі болды. Көптеген ғалымдар бір-біріне тәуелді емес ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Соның негізінде әйелдердің жыныс мүшелерінен бөлінетін контрацептикалық әсері бар эстроген мен прогестерон – гармондарын анықтады. Осы ғылыми жаңалықтардан кейін ғалымдар арасында контрацептикалық гармондық препараттарды зерттеулер кеңінен жүргізіле басталды.
Қазіргі кезде жүктілікті болдырмайтын эстрогендер мен прогестерондар құрамында бар көптеген таблеткалар бар, олардың ең басты жұмысы жұмыртқа жасушасының түзілуін бәсеңдетеді де контрацептикалық әсер береді.
Қазіргі уақытта жасалып жатқан контрацептикалық әсері бар препараттарды, егерде, дұрыс қолданса 100% күтпеген жүкітілктен сақтайтын қасиеті бар.
Гармондық дәрілерді цикл бойынша қабылдау керек. Оларды күнделікті бір ішу арқылы 21 күн үздіксіз қолдану керек те, содан кейін 7 күн үзіліс жасап, етеккірдің 1-ші немесе 5-ші күнінде қайта ішуді бастау керек, дәріні ішкенде белгілі бір уақытта ішетін болып дағдыланса сапасы дұрыс болады.
Гармондық дәрілердің контрацептикалық әсерімен қоса әйелдердің дене мүшелеріне жағымды әсері де барын ескерген жөн.
Жүктілікті болдырмайтын дәрілерді ішкен кезде етеккірдің көп келуі азаюмен қатар етеккір арасындағы (овулярлық) ауыртулар азаяды, етеккір ретті келумен қатар ұзақ және көп қан ағу да азаяды. Жүктілікті болдырмайтын іріктірілген дәрілерді ішу етеккір алдындағы синдромдарды азайтады және темір жетіспеушіліктен қанның құрамының қызыл түйіршіктерінің азайып кетуін жақсартады.
* Ішетін контрацептикалық дәрілерді қолдану ішкі жыныс мүшелерінде жедел қабыну ауруларының болуын төмендетеді де әйелдердің бала туа алмай қалатын жағдайлардан сақтайды.
* Ішетін контрацептикалық дәрілерді қолдану ішкі жыныс мүшелерінде аса қатерлі ісік ауруларынан сақтаумен қатар жұмыртқа және эндометрия қатерлі ісігін 50%-ға төмендететіндігі анықталды. Жұмыптқа және эндометрия қатерлі ісігінің болмауының ұзақтығы ішетін контрацептикалық дәрілерді қаншалықты ұзақ қолданса соншалықты болмауы мүмкін. Бұл құбылысты 12 ай бойына үзіліссіз ішетін контрацептикалық дәрілерді қолданған адамдарды зерттегенде анықталды, және дәріні ішуді тоқтатқаннан кейін де ұзақ уақыт аурудың болмағаны анықталды.
Ішетін контрацептикалық дәрілер овуляция құбылысын төмендетумен қатар, әйелдердің жұмыртқасындағы сулу ісіктің 90 %-ға төмендегені анықталды.
Контрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде қатерлі ісіктердің дамуы азайады, соның ішінде емшек безінің ісігі фиброаденома мен сулы ісіктері тоқтайтындығы анықталды.
Әйелдер өлімінің ең басты себебі болатын жатыр сыртында пайда болатын жүктілікті овуляция құбылысын тежеу арқылы азайтады.
Гармондық жүктілікке қарсы дәрілерді қолдану көптеген тері ауруларын (әртүрлі бөрткендер)болдырмайды. Тері ауруларын болдырмау қасиеті барлық гармондық дәрілерге тиесілі, дегемен де, соңғы кезде өндіріліп жатқан құрамында аз мөлшерде эстроген бар дәрілер жақсы әсер беруде.
Ішетін контрацептикалық дәрілердің бір пайдасы, жыныстық қатынас кезінде керегі жоқ жүктілік болып қалады деп қорықпайсың, сонымен қатар жыныстық қатынастан қанағат алуға көмегі тиеді.
Әйел адам (алыс жолға шығатын болса, өте керекті кездесу болатын болса, жыныстық қатынаста ж.б.) контрацептикалық дәрілерді қосымша қолдану арқылы еттеккірін тежеуге немесе тездетуге де мүмкіндігі болады. Осы мақсатта бірфазалық дәріні де қолдануға болады.
Контрацептикалық дәрілердің сапалы жақтарымен қоса жағымсыз жақтары да бар, олар гармондық дәрілермен және де ол дәрілерді ұзақ уақыт қолдануға тура келетіндіктен. Қосымша жағымсыз әсерлері дәріні азайтқанда азайады да, дәріні ішуді мүлде тоқтатқаннан кейін 1-4 ай өткенде қосымша жағымсыз әсерлері толығымен жоғалып кетеді.
Бас айналу, құсқысы келу, құсу, емшек безінің тітіркенуі, тәбеттің жоғарылауы, салмақтың көбеюі және (кейбір жағдайда) теріде өзгерістердің болуы гармонның экзогендік әсеріне байланысты болады.
Кейде жүйке жүйесі бұзылады, бірақта дәріні қабылдауды тоқтатқанда ол өзгеріс бірден тоқтайды. Егерде жүйкенің бұзылуы эпилепсия сияқты белгілер берген болса гармондық дәрілерді қабылдауда өте сақтық қажет болды.
Контрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде етеккір аралық қанау болуы мүмкін. Бұл жағдай эстрогеннің аз мөлшері бар дәрілерді қолданған кезде байқалады. Бұндай дәрі ішкен әйелдерде етеккір аралық қанау 2-3 ай өткеннен кейін тоқтайды. Егерде мұндай етеккір аралық қанау болса тез арада басқа дәріге ауысуға болмайды. Егерде етеккір аралық қанау бірнеше ай бойына тоқтамаса онда басқа дәріні қолдануға ауысу керек болады.Контрацептикалық дәрілер емшек сүтін азайтады, сондықтан олар біріктірілген жүктілікті болдырмайтын дәрілерді емес -мини-пили- (құрамында микромөлшердегі прогестин бар контрацептикалық дәрілер) қолданулары керек болады.
Темекі тартатын әйелдерде контрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде жағымсыз қосымша әсерлері қөп болады. Темекі тартатын 35 жастан асқан әйелдерде онтрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде темекіні тартуды тоқтатуына тура келеді, немесе басқа дәріге ауысуына мәжбүр болады.
Жүктілік кезінде, бауыр ауруы болса, жүрек-қантамыр ауруларына, артериялық қысымы аса жоғары болса, сусамыр ауруында, қатерлі ісікте, май алмасуы бұзылғанда гармондық жүктілікті болдырмайтын дәрілерді қолдануға рұқсат етілмейді. Гармондық жүктілікті болдырмайтын дәрілерді қолдану алдында жоғарыда көрсетілген аурулары және басқа да аурулары бар адамдар міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.
Ұтымдылығы:
Сапасы өте жоғары
Эндометрия және жұмыртқа қатерлі ісігінің алын алауға болады;
Ауыртатын етеккірдің ауруын жеңілдетеді және қан ағуды азайтады;
Толығымен қайта қалпына келеді;
Қабылдауға жеңіл;
Жетіспеушілігі:
Қосымша әсерлері болуы мүмкін;
Күнделікті дәріні қабылдау керек;
Қаржы шығыны болады;
АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды;
КОНТРАЦЕПТИКАЛЫҚ ӘДІСТІ ТАҢДАУ
Контрацептикалық көптеген дәрілер мен әдістердің ішінде әйелдер өздерінің өмір сүрулеріне және әдеттеріне ыңғайлы бір ғана әдісті таңдап алулары керек болады.
Қандай әдісті таңдап алсам екен?
Тұтқиылдан және тұрақты емес жыныстық қатынас үшін венерикалық аурулардан сақтану үшін презервативті қолдану керек.
Жатырішіне салатын дәрі тек бала туған әйелдерге ғана сай келеді.
Жас және бала тумаған әйелдерге тек гармондық дәрілерді қолданған дұрыс болады.
Жыныс қатынасы үзілген кезде дәріні ылғи қолданудың қажеті болмайды, себебі одан үміт жоқ.
Физологиялық әдіске қосымша контрацептикалық әдісті қолдануға болады.
Контрацептикалық әдісті немесе дәріні дұрыс таңдап және оны дұрыс қолдануы үшін әйел адам әйелдерге кеңес беретін мекеменің дәрігерінен кеңес алуы керек. Сізге, тек тәжірибесі мол дәрігер ғана дұрыс әдісті және дәріні таңдап береді, жүктіліктен қалай сақтау керектігі туралы да дұрыс кеңес айта алады, басқа сырттан кеңес сұрауға болмайды, себебі ол сіздің денсаулығыңызға тиесілі болғандықтан, тек дәрігерге ғана жүгініңіз.