Стресс
Стресс – біздің заманымыздың жағымсыз белгілерінің бір түрі. Күнделікті шектен тыс жүктемелер біздің жүйкемізді шаршатады, қозғыш қылдырады. Күнделікті осындай қоздырғыштармен қалай күресіп жүрміз? Критикалық кездерде өз-өзімізді басқара аламыз ба? Өйткені стрестен құтылып қана қоймай, біз оны өз пайдамызға да асыра аламыз. Одан құтылудың қажеті жоқ, тіпті онымен күресу амалдарын білу үшін арнайы лекцияларға да бару керек емес. Сол үшін стресс дегеніміз не және онымен қалай күресу керек, соны анықтап алайық!
Стресс – қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне ағзаның қорғаныштық реакциясы. Стресс – бізді үнемі қоршап жүреді. Ол таң атқаннан сағаттың қоңырауынан басталып, кейін… жол кептелісі, оқу үрдісі, жұмыс, туыстарыңмен ренжісулер, ұйқының қанбауы және т.б. Стрессіз өмір сүру мүмкін бе? Ғылымның дәлелі бойынша мүмкін емес. Өмір үнемі тұрақтылық пен тыныштыққа шыдай алмайды, себебі осылардың өзі стрестің көзі болып табылады. Сондықтан стрестен өлгеннен кейін ғана толық құтылады. Бірақ өзіңнің жан дүние жағдайының жақсаруына осы өмірде де әсер етуге болады.
Стресс адамның психологиялық та, физикалық та денсаулығына теріс әсерін тигізеді. Стресс мінез- құлқын өзгертіп, қорқыныш сезімі, депрессия, невроздар, эмоционалды тұрақсыздық, көңіл- күйдің түсуі, есте сақтаудың нашарлауы, ұйқысыздық, селқостық сияқты психоэмоционалды бұзылыстарға алып келеді.
Стрестер, әсіресе олар жиі және ұзақ болса, физикалық денсаулыққа да кері әсерін тигізеді. Олар көптеген аурулардың дамуында немесе өршуінде қауіп- қатер факторы болып табылады. Жиі жүрек-қантамыр аурулары (миокард инфаркті, стенокардия, гипертониялық ауру), асқазан-ішек аурулары (гастрит, асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы), иммунитеттің төмендеуі сияқты аурулар дамып жатады.
Жедел стресс кезіндегі “біріншілік көмек”
Стресті жағдайларға ағзаның жауабы бірнеше ғасырдан бері табиғи жолмен қалыптасқан, яғни ағзаны төтенше жағдайларға дайындайды, яғни стресс кезінде бұлшықеттен көп мөлшерде энергия сыртқа шығады. Бұл өз кезегінде мәселенің оңай шешілуіне әкеледі, тіпті сіздің ағзаңызға өзінің оң әсерін де тигізіп кетеді.
Өкінішке орай, қазіргі заманда стресті жағдайдан осылай шығу өте сирек кездеседі. Біздің мүмкіншіліктерімізді заң, әдет- ғұрып ережелері шектейді. Ал стресті жағдайлар одан сайын шығып жатады. Сондықтан стресті жағдайлардан тез шығудың амалдарын үйрену керек.
Бірінші және ең бастысы: өз-өзіңізді қолға алып, шоктың дамуын тоқтату үшін, өзіңізге “ТОҚТА!” деп айтыңыз. Қандай жедел жағдайлар болмасын салмақты, сабырлы болуға тырысыңыз. Сіздің орныңызға басқа біреулер жүйкесін тоздырсын! Небір ауыр кикілжіңдерде өз-өзіңізді ұстасаңыз, сіз ол жерде әлсіз жақ болып қалмайсыз. Керісінше: сіз ол жерде мықты және тұрақты тұлға ретінде қаласыз.
Жедел стресті жағдайдан құтылуға көмектесетін бірнеше амалдар
Стерске қарсы, тыныштандырушы дем алу әдістері.
– мұрын арқылы баяу, терең дем алыңыз; қысқа уақытқа деміңізді ұстаңыз, содан кейін баяу тынысыңызды шығарыңыз. Әр деміңіз арқылы барлық стерсс, кернеу, қатыгездіктің шығып жатқанын елестетіңіз. Бұл жаттығуды әр дем шығару мен ұстауды ұзарта отырып, 8-10 рет қайталау керек.
Бұлар әр ересек адамның адал және жауапты іс-әрекеті болып табылады, эмоциялардың жағымсыз салдарының алдын алады. Өкінішке орай эмоцияға салынып, бойымызды ашуға алдырып, қатал және дөрекі сөздерді де айтып жібереміз. Оның орнына өзіңіздің ренжісіңіз бен оның себептері туралы өз туысқандарыңызға түсіндіріңіз. Сонда ғана керек емес ренжісулер мен ұрыс-қарыстар болмайды. Егер де жағдайды тез арада өзгерту мүмкін болмаса, оған деген көзқарасыңызды өзгертуге тырысыңыз. Әр оқиғаның оңтайлы жағын іздестіруге ұмтылыңыз.
Күліңіз! Мейлінше жиі күліңіз! Күлкі – стреске қарсы келетін күшті ем. Өз қиыншылықтарыңыздан бір күлкілі нәрсе көру – мәселеге деген қөзқарасты өзгертудің ұтымды әдісі. Кикілжіңді, ренжісті әзілге айналдыру – оппонентіңізді қарусыздандырудың бір әдісі болып табылады.
Аталған амалдардың, тым болмаса өзіңе ыңғайлы бір әдісін әдетке айналдыруға тырысыңыз.
Өз-өзіңе мына сөздерді қайтала: “оң эмоциялар мен өзіңе деген сенімділік!”. Дәл қазір, бүгіннен бастап. Осыдан кейін стресс, шок және депрессия сияқты жағымсыз әсерлер сізді айналып өтетін болады.